Ашқарақтар рейтингі: Азық-түлікке көп ақша шығаратындар кім?
Алматылықтар азық-түлікке бәрінен көп ақша жұмсайды. Биылғы бірінші тоқсанда бір ғана қала тұрғыны тамаққа 127 мың теңге құртқан. Яғни бес адамнан тұратын отбасы үш айда 636 мың теңгеге азық-түлік сатып алған. Мұны finprom.kz сарапшылары есептеп шығарды.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
29.06.2021
Тұрғындары тамаққа көп шығынданатын өңірлер қатарына Павлодар мен Шығыс Қазақстан облыстары да кіреді. Бір павлодарлық бір тоқсанда 117 мың теңгеге азық-түлік алады. Шығыс Қазақстан тұрғыны осы уақыт ішінде тамаққа 116 мың 500 теңге жұмсайды. Шымкенттіктер азық-түлікке бәрінен де аз жұмсайды екен. Сарапшылардың есептеуінше, мұнда үш ай ішінде бір адамның азық-түлігіне 72 мың теңге жұмсалған.
Бір айта кетерлігі, биыл тұрғындар алкогольдік ішімдіктерді азырақ алатын болыпты. Ал жалпы жыл ішінде халықтың азық-түлікке шығыны 6 пайызға өскен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!