{metadescription}
Жүк көлігі ер адам мен 9 жасар қызын мыжып, 2 жасар ұлын қағып кетті
Жүк көлігі ер адам мен 9 жасар қызын мыжып, 2 жасар ұлын қағып кетті

Жүк көлігі ер адам мен 9 жасар қызын мыжып, 2 жасар ұлын қағып кетті

Алматы облысында жүк көлігі жаншып өткен әкесі мен қызы бүгін жерленді. Жантүршігерлік жайт кеше түс ауа болған. Жаяу жүргіншілер жолағының алдында дер кезінде тоқтап үлгермеген жүк көлігі 53 жастағы ер адам мен оның тоғыз жасар қызын және арбадағы екі жасар ұлын таптап өтті.

Сұмдық жайт балалардың анасының көз алдында болды. Әке мен баланың өлімінен соң бүкіл ауыл тұрғыны бас көтерді. Жүйткіген жүргізушілерден әбден мезі болғанын айтып шулаған халық биліктен қандай да бір шара қолдануды талап етті.

Жамбылдағы жантүршігерлік жайт бейнебақылау таспасына түсіп қалған.   Қызы мен ұлын жетектеген ер адам жаяу жүргіншілер жолының ортасына жете бергенде жақындап келе жатқан көлік тоқтайды екен деп ойлап жүгіріп өтеді. Бірақ жүк көлігі де осы кезде тездетіп өтіп кетемін десе керек. 53 жастағы ер адам мен тоғыз жасар қыз тонналаған техниканың астында мыжылып  өлді. Бір отбасының екі бірдей жанын жапырып өткен жүргізуші абырой болғанда қол арбадағы сәбиді жанай өтіпті.       

Алтай Достияров, Қарасай ауданаралық көпсалалы аурухананың меңгерушісі:

- Гасаов Мих, екі жасар сәби кеше 28-і күні сағат үш шамасында ауруханаға түсті. Қойылған диагноз бас жарақаты, миы шайқалған. Қазіргі жағдайы жаман емес, орташа қалыпты.

Марқұм болған ер адам базарда көк дүңгіршектің ішінде он жылдан бері етікші боп істеген екен. Қазір мұнда тым-тырыс. Жан баласы жоқ. Саудагерлер дүкенін жауып, ауылдасы мен оның қызын ақтық сапарға шығарып салуға кетті.

Марқұм әйелі екеуі таң атқаннан қара кешке дейін базарда нәпәқасын тауып жүріпті. Бала-шағасы да үнемі қасында болған. Ал кеше отбасының осы жерден суға шомылуға аттанған беті екен. Базарда шаштараз боп істейтін әйелі оларды жолдан шығарып салып тұрған дейді саудагер Нұрәлі Әлиев. Куәгер сұмдық жайттың анасының көз алдында болғанын айтады.

Нұрәлі Әлиев, оқиға куәгері:

- Әйел көмектесіңдер деп айқайлай бастады. Жүгіріп бардым. Қарасам, әкесі, қызы, ұлы жерде шашылып жатыр. Қорқынышты көрініс, әлі өз-өзіме келе алмай тұрмын.    

Ал жүк көлігі таптап өткен отбасыдан бар қалғаны сәбидің арбасы мен тоғыз жасар қыздың аяқ киімі, добы мен суға шомыламын деп алған ойыншықтары жаяу жүргіншілердің жантүршігерлік өлімін айтып тұр. Белгілі болғаны: жүйткіген жүк көліктері бір жанұяның ғана емес, бүкіл Жамбыл ауылы тұрғындарының қорқынышы екен.    

- Кешегіден кейін көрдіңіздер ғой! Машиналар жай жүріп қалды. Кешегіні бәрі көрді ғой! Әйтпесе, ағылып өтеді мына жерден. Өте қиын...

Тұрғындардың айтуынша, Алматы, Нұр-Сұлтан тас жолында жүйткіген жүргізушілер жаяу жүргіншілер жолағына жақындағанда да жылдамдықты түсірмейді екен. Жүрегі шайлығып қалған жамбылдықтар сол себепті де жүгіріп өтуге мәжбүр. Бұға беруден шаршаған халық ауылдастарының өлімінен соң бағдаршам талап етіп бас көтерді.

Аслан Аймұратов, Жамбыл ауылының тұрғыны:

- Бағдаршам салсын! Жылдамдықты азайтсын! 90 емес, 60-40 жүрсін. Міне, қараңыздар! Жылдамдығы жоғары. Адамдарды қағып кете жаздайды! Кеше де жол апат болып жатыр, адамдар өліп жатыр.  

Ал екі бірдей жаяу жүргіншіні мыжып өлтірген 45 жастағы жүргізуші  қамауға алынды. Кінәсі дәлелденсе, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

11 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде