{metadescription}
Көкшетауда тоғыз қабатты үйдің күлі көкке ұша жаздады
Көкшетауда тоғыз қабатты үйдің күлі көкке ұша жаздады

Көкшетауда тоғыз қабатты үйдің күлі көкке ұша жаздады

Көкшетауда тапа-тал түсте тоғыз қабатты үйдің күлі көкке ұша жаздады. Балконда тұтанған өрт сол жерде тұрған газ баллонын шарпыған. Құтқарушылар жарылыстың алдын алып, көрші пәтерлердегі газ баллондарды сыртқа шығарып үлгерді.

Балконда өрт тұтанғанын көрген үй иесі баласын алып далаға тұра қашқан. Өрт сөндірушілерді де өзі шақырыпты. Құтқарушылар тоғызыншы қабаттағы тілсіз жауды ауыздықтау үшін баспалдақпен терезе жақтан келген. Бұл кезде пластик жанып, балконда тұрған газ баллонына да  от тиіпті. Өрт сөндірушілер оны жанталасып көтеріп алып сыртқа ұмтылған. Жалын үйдің төбе жабындысына да тиіп, пәтердің іші өртенген. Бұл үйге көгілдір отын берілмегендіктен, тұрғындар газ баллондарын пайдаланады. Мамандар соның бәрін дер кезінде сыртқа шығарып үлгеріпті. Сондай-ақ 35 тұрғын эвакуацияланды.

Максим Шатковский, Көкшетау қаласы ТЖБ бастығының міндетін атқарушы:

- Құтқарушылар келгенде балкон қатты жанып жатты. Мынадай аптап ыстықта тоғыз қабатты үйге қауіп төнген. Әйтеуір жапа шеккендер жоқ. Қазір өрт-техникалық сараптама тағайындалып, өрттің неден тұтанғанын анықтап жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде