{metadescription}
Парламенттің қос палатасы қандай табысқа қол жеткізді?
Парламенттің қос палатасы қандай табысқа қол жеткізді?

Парламенттің қос палатасы қандай табысқа қол жеткізді?

Парламенттің қос палатасы жазғы демалысқа кетті. Енді Сенат пен Мәжіліс депутаттары екі ай каникулдан кейін қыркүйекте жұмысына оралады. Депутаттардың екі ай демалысы осымен екінші рет пандемия кезеңіне түсіп тұр.

Бірінші сессия барысында қос палата 104 заң жобасын қарады. Бүгінде олардың 63-і  қабылданып, 58-іне Президент қол қойған. Соның ішінде саяси партиялардың Мәжіліске өту шегі 7-ден 5 пайызға дейін төмендетілді. Сайлау бюллетеньдеріне «бәріне қарсымын» деген жаңа жол енгізілді. Ауыл әкімдері тікелей сайланатын болды. Осы сессияда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жалға беру дәстүрін сақтай отырып, жерді жеке меншікке беруді бес жылға тоқтату туралы норма енгізілді.

Жазғы демалыста депутаттардың көбі өңірлерді аралайды. Ал шетелге демалғысы келетіндерге Тайланд оңтайлы сапар болатын сияқты. Өйткені Қазақстан вакцинасының паспорты Моңғолия, Таиланд және Венгрияға ғана саяхаттауға жарамды. Оған қоса Мальдив аралдарымен де келісім жасалып жатыр.

Нұрлан Нығматулин, Мәжіліс спикері:

- Тиімді заңдардың арқасында елімізде саяси-экономикалық реформаларды   жалғастыруға заң жағынан нақты қадам жасалды. Сондықтан VII шақырылған Парламенттің алғашқы сессиясында қол жеткен табыстар және нәтижелер Қазақстанымыздың Тәуелсіздігінің 30 жылдығына қосылған зор үлес деп білеміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде