{metadescription}
Жаңаөзенде мұнайшылар тағы да ереуілге шықты
Жаңаөзенде мұнайшылар тағы да ереуілге шықты

Жаңаөзенде мұнайшылар тағы да ереуілге шықты

Жаңаөзенде мұнайшылар тағы да ереуілге шықты. «Кезби» серіктестігінің 500-ге жуық жұмысшысы жалақыны көбейтіп, әлеуметтік жағдайды реттесін деген талап қойған.  

- Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев, Асқар Мамин, Үкімет басындағылар, біздің Қазақстан Республикасының азаматы ретінде, өзіміздің заңды құқығымызды қорғауды сұраймыз. Қолдайсыздар ма, жігіттер?

- Қолдаймыз!

«Өзенмұнайгаз» компаниясына сервис қызмет көрсететін «Кезби» серіктестігінің жұмысшылары таңнан бері наразылық білдіруде. Техникаларын қаңтарып қойып, жұмысты мүлде тоқтатып тастаған. Себебі,  жұмыс беруші Еңбек кодексін бұзып, заңды белшеден басып отыр дейді жиналғандар. Мұнай ұңғымаларына күрделі жөндеу жүргізетін жұмысшылар тәулігіне 11 сағат жұмысқа жегіледі екен. Алатын айлығымыз 200 мың теңгеден аспайды дейді. «Өзенмұнайгазда» істейтіндердің жалақысы бізден үш есе көп деп налып отыр. Тіпті техникалар тозып, вахталық әдіспен жұмыс істейтіндерге еш жағдай жасалмаған көрінеді. Ал жергілікті әкімдік жұмысшылардың талабын жақын арада шешеуге тырысамыз дейді.

Ғалым Байжанов, Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары:

Арыз-талаптарды қазір, тез арада шешу үшін жұмыс беруші арасында арбитражды комиссия құрылып жатыр. Сол арбитражды комиссияда барлық арыз-талаптар заңда белгіленген мерзімде қаралады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде