{metadescription}
Шетелге шығатын жолаушыны QR-кодпен де тексереді
Шетелге шығатын жолаушыны QR-кодпен де тексереді

Шетелге шығатын жолаушыны QR-кодпен де тексереді

Елімізде әуекомпаниялар ПТР-тестке қатысты талапты күшейтіп жатыр. Енді шетелге шығатын жолаушыларды қосымша QR-код арқылы тексереді.

Қауіпті дертті жұқтырмағаны туралы анықтаманы қолындағы қағаздан ғана емес, сынама тапсырған зертханадан QR-кодты сканерлеу арқылы тікелей анықтайды. Бұл жалған құжатты түпнұсқадан ажыратуға көмектеседі.

Всеволод Ким, Қазақстанның әуе тасымалдаушылары комитетінің төрағасы:

- Әуе компанияларына бұл анықтаманың заңды екенін тексерудің қосымша әдісі. Яғни жолаушының расымен сынама жасатқан немесе жасатпағанын көрсетеді. Өйткені бұған дейін жалған құжатпен келген бірнеше дерек тіркелді. Мамыр айының өзінде осындай 15 жағдайды анықтадық.

Әзірге күшейтілген тексеріс тек Оңтүстік Кореяға ұшатындарға қатаң жүргізіліп жатыр. Мұны «Эйр Астана» және Asiana Airlines әуекомпаниялары жүзеге асыруда. Егер жұмыс өз нәтижесін жоғары дәрежеде көрсетсе, өзге мемлекеттерде осы әдіс арқылы қатаң бақылау қолға алынады. Өйткені бұған дейін көптеген жолаушылар жалған анықтамамен Қазақстаннан шығып шетелге жеткенде қулығы әшкере болған. Қазір ПТР- тестсіз тек вакциналау паспортымен отандастарымыз Түркия мен Грузия еліне ғана кіре алады. Осылайша қазір QR-код арқылы тексеру мүмкіндігін еліміздегі көптеген зертхана енгізіп жатыр.

Амансұлтан Тайлақов, Air Astana әуекомпаниясының бас менеджері:

Жалпы ПТР-тест пен өзге де жеке мәліметті анықтауға 5-15 минут уақыт кетеді. Бұл өзге де жолаушыларды қауіпті дерттен қорғау үшін жасалып отыр. Оған әр мемлекет өз саясатын орнатып, қойылатын шектеуді қатаңдатуы шарт.  Мәселен, Кореяға бару үшін аталған талап орындалмаса, онда біз ұшуды тоқтатамыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде