Иммунологтар: Антиденелер адамды вирустан қорғай алмайды
Антиденелер адамды вирустан қорғай алмайды. Иммунологтардың шығарған қорытындысы осындай. Сондықтан сақтанудың жалғыз жолы – вакцина деуден мамандар шаршамайды. Әзірге вакцинаны балалар мен жүкті әйелдерге салуға болмайды.
Автор: Нұрқанат Омарұлы
30.06.2021
Ал вируспен ауырып шыққандар екпе қабылдаса, дерт жұқтыру қаупінен құтылады, яғни иммунитеті күшейе түседі екен.
Ел егіліп жатқан вакциналар екі топқа бөлінеді: векторлық және «өлі» вакцина. Бірінші топқа жататын «Спутник V» екі компонентін қабылдағандарды вирустан жақсы қорғайды. Ал «өлі» вакциналар тобына жататын қытайлық Sinovac пен отандық QazVac ауру симптомдарының қатты білінуінен және өлімнен сақтайды, бірақ коронавирус жұқтырудан азырақ қорғайды. Отандық ғалымдардың шығарған қорытындысы осындай.
Алмаз Шарман, иммунолог:
- Бүгінде әлемде коронавируспен ауырып шыққан адамдарға вакцина салу тәжірибесі бар. Осы орайда маңызды екі мәселені атап өткен жөн. Біріншіден, коронавируспен ауырып шыққан адамға вакцина салынғаннан кейін иммундық жауап 10 есеге, бәлкім, 50 есеге күшейеді. Коронавирустан одан да күшті қорғайды. Сондықтан коронавируспен ауырып шыққан, содан кейін вакцина салдырған адамдар вирустан барынша қорғалған топқа жатады. Соның ішінде "дельтаға" да көп шалдықпайды.
Коронавируспен ауырып шыққандардың 20 пайызында ағзасында антиденелер болса да, екінші рет індетке шалдығып жатыр. Яғни аурудан кейін антиденелер болса да, вирусты қайта жұқтыру қаупі бар. Сондықтан мамандар коронавируспен ауырып шыққандарға вакцина қабылдауға кеңес береді.
Алмаз Шарман, иммунолог:
- Қазір әлемде вакцинаның шамамен 3 миллиард дозасы салынған. Олардың арасында коронавирус жұқтырып, одан жазылғандар аз емес. Ауырып шыққандарға вакцина салынса, иммунитет 50 есеге дейін күшейеді, яғни қорғаныс күші артады. Бір сөзбен айтқанда, нағыз қорғалғандар – ауырып жазылған соң вакцина салдырғандар.
Айтпақшы, антиденердің де пайдасы жоғын мамандар растап отыр. Себебі: дерттен айығып антиденесі түзілгендердің өзі коронавируспен қайта ауырып жатыр. Мәселен, бұған дейін вакцина салдырған адамдар арасында КВИ жұқтыру жағдайлары шетелде тіркелген. Мысалы, АҚШ-та вакцина алған адамдар арасында індетті жұқтырудың 4 мыңнан астам жағдайы анықталған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!