Қарағандыда КВИ-мен ауырып тұрғандардың қанына сұраныс артты
Қарағандыда коронавируспен ауырып тұрған адамның қанына сұраныс артты. Өйткені қан орталығы «қызыл» аймаққа жайғасқан облыстағы инфекциялық ауруханаларды антиденесі бар плазмамен қамтамасыз ете алмай жатыр.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
30.06.2021
Донорларға жақында короновирустан жазылып шыққандар мен ковидке қарсы вакцинаның екі компонентін салдырған адамдар жатады. Бірақ құрамында ковидке қарсы плазма құрылатын қанды кез келгенінен алуға болмайды екен. Әсіресе жүкті әйелдер мен созылмалы ауруы барлар донор бола алмайды. Ал дені сау, ағзасында антиденесі барлар қан тапсырар алдында үш күн бойы майлы тамақ пен ішімдіктен тартынғаны жөн дейді мамандар. Қан тапсырғандарға 22 мың теңге сыйақы қарастырылған. Әр адамнан алынатын 600 милилитр қан үш науқасқа жәрдем береді. Қазір өңірде 1300 адам ем алып жатса, 56 науқастың жағдай ауыр.
Оксана Чернышева, Қарағанды облысы қан орталығының бөлім меңгерушісі:
- Бізге барлық топтағы қан керек. Әсіресе қарсы резус факторлы ер адамның қаны тапшы. Жалпы ерлер мен әйелдердің қаны қабылдана береді. Әйелдің жүкті немесе босанғанда анамезі болмаса болды. Сонымен қатар созылмалы аурулары барлардан қан алынбайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!