Елордада КВИ вакцинасы оқушыларға да салынуы мүмкін
Елордада коронавирусқа қарсы екпе мектеп оқушыларына да салынуы мүмкін. Қазір қала басшылығы осы мәселені дәрігерлермен ақылдасып жатыр. Әкімдікті бұндай ойға жетелеген Еуропаның тәжірибесі.
Автор: Ербол Тұрымбет
30.06.2021
Алтай Көлгінов, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі:
- Дәрігерлермен кеңесіп жатырмыз. Енді жастарды да вакциналауымыз мүмкін. Әзірге бізде 18 жастан асқандарға ғана салынады. Алайда Еуропа мен Израильде одан төменгі жастағыларға да салып жатқанын көріп отырмыз. Дегенмен бірінші кезекте педагогтарға саламыз.
Көлгіновтің сөзіне сенсек, ол балалардың да, ата-аналардың да мектепті сағынғанын жақсы түсінеді. Себебі: онлайн оқу дәстүрлі білім беруді бәрібір алмастыра алмайды. Алайда мұғалімдер түгел вакцина салдырып болғаннан кейін ғана мектептер ашылады. Әкімдік қазір осыны ұстанып отыр. Ал елордалық ұстаздар арасында екпе салдырғандар қатары тек 60 пайыз. Дегенмен науқан қарқынды жалғасып жатыр.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осыдан бір апта бұрын мектептермен бірге университет және балабақшалардың инфрақұрылымын да жаңа оқу жылына санитарлық талаптарды сақтай отырып толық дайындау қажеттігін тапсырған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!