{metadescription}
COVID-19: 493 науқастың жағдайы ауыр
COVID-19: 493 науқастың жағдайы ауыр

COVID-19: 493 науқастың жағдайы ауыр

Елімізде бір күнде коронавирусқа шалдыққандар саны 2 мыңнан асты. Әсіресе Нұр-Сұлтан қаласындағы жағдай алаңдатарлық. Мұнда бір күнде 678 адамның індетті анықтауға тапсырған тесті оң нәтижемен шыққан.

Науқастар көрсеткішінде Қарағанды облысы да антирекордтың басында тұр. Өңірде бір күнде COVID-19-ды 300-ден аса адам жұқтырған.

Қазір еліміз әлемдік дейгейде аталмыш індеттің таралуы бойынша «қызыл» аймақта қалып отыр. Коронавирус  әсіресе бес өңірде өршіп тұр: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары.

Қауіптің «сары» деңгейінде: Шымкент қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Маңғыстау облыстары.

Қалған аймақтарда жағдай біршама тұрақты.

Пандемия басталғалы елімізде Қытайдан тараған індетпен 423 мыңнан аса адам тіркелген. Дәл қазір кеселден 25 мыңға тарта адам емделіп жатыр. Дәрігерлер 493 науқастың жағдайын ауыр деп бағалап отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.