Туысқан ағасын таспен ұрып өлтірді – Жамбыл облысы
Таспан төпелеп тайып тұрған. Жамбыл облысында 26 жастағы азамат өзінің туысқан ағасын таспен ұрып өлтірді. Басынан ауыр жарақат алған 44 жастағы тұрғынды дәрігерлер аман алып қала алмады.
Автор: Руслан Әбдіхалық
01.07.2021
Қанды оқиға Қаратау қаласында болған. Полицейлердің мәліметінше, күдікті ағасының үйіне бұрын болған өзара аразықты шешуге келген. Сол жерде тағы да дау туып, екеуі төбелескен. 26 жастағы азамат өзінен 18 жас үлкен туысына тас ала жүгіріп, бірнеше мәрте басынан қойып қалған. Алған жарақатынан 44 жастағы жергілікті тұрғын ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Бірақ емдеу мекемесінде сол күйі есін жимастан көз жұмды. Ал оқиға орнынан із суытқан күдікті тез арада ұсталды. Ол қылмысқа мастықпен барған екен.
Әбсамат Бекмұхамбетов, Жамбыл облысы ПД тергеу басқармасының бастығы:
- Күдікті сол күні ұсталып, кінәсін мойындады. Қамауға алынып, тергеу санкциясымен оған қатысты күзетпен ұстау бұлтартпас шарасы қолданылды. Іс бойынша сот сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!