{metadescription}
0:000:00
KFW: Биыл шапан мен бешпет сәнге кірді

KFW: Биыл шапан мен бешпет сәнге кірді

Ең сәнді киім - сәукеле! Карантин отандық дизайнерлердің патриоттық сезімін оятқан секілді. Ұзақ үзілістен кейін жұмысқа кіріскен қазақстандық сәнгерлер биыл жазда қыз-келіншектерге тек ұлттық үлгіде киініп жүруді ұсынды.

Ауру асқынған шақта ашық-шашық киініп жүруді сәнгерлер де қолдамайтын секілді. Мәселен, әйгілі дизайнер Аида Кауменова сылқымдарға кілең ұзын етек көйлектер ұсынған. Әсіресе сәукеле киген қыздар көздің жауын алады. Белгілі отандық сәнгер ұлттық киімді соншалықты қатты өзгертпеген. Ою-өрнегі жоқ демесеңіз, ұсынған көйлектері кілең ұлттық стильде. Кең әрі ұзын етекті көйлектер әдетте кілең қысқа киімдер көрсетілетін подуимның көркін келтірді.

Биыл шапан мен бешпет те тренде боп тұр. Отандық дизайнер оларды да ұтымды етіп ел назарына ұсынды. Жалпы биыл ұзын әрі кең киім сәнге айналатын секілді. Өйткені топтамаларда қысқа, денеге жабысқан киім атымен жоқ. 

Ал тележүргізушіден сәнгерге айналған Динара Сәтжанға салса, бүкіл елді тек спорттық киім кигізбек. Десе де сән апталығына спорттық киім киген ешкім болмады. Қымбат көйлегін көрсетпесе көңілі көншімейтін қаланың сылқымдары карантинде кие алмаған бар киімін киіп келген. Қыз-келіншектердің бұлай арқа-жарқа боп жарқырап жүруіне әлі де мүмкіндік бар. Өйткені Қазақстан сән апталығы үш күнге жалғасады.        

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.