{metadescription}
КВИ: Үнді штамы еліміздің бүкіл өңірінен табылды
КВИ: Үнді штамы еліміздің бүкіл өңірінен табылды

КВИ: Үнді штамы еліміздің бүкіл өңірінен табылды

Коронавирустың үнді штамы еліміздің бүкіл өңірінен табылды. Денсаулық сақтау министрлігі 414 сынамаға арнайы зерттеу жүргізіп, нәтижесінде ковидтің қауіпті түрі бүкіл аймаққа таралғанына көз жеткізген.

Барлығы 414 сынама ПТР скринингтен өткен. Соның ішінде 48,3 пайызында үнді штамы бары анықталған. Ал олар үш ірі қала мен 14 облыстың бәрінен шығып отыр. Дегенмен нақты шешім геном зерттеулер толық біткеннен кейін айтылады.

«Дельта» штамның ерекшеліктері: адамның науқас екені бес күнде белгі береді. Әсіресе асқазан-ішек жолдары ауырады. Үнді штамы жедел дамиды. Жастар арасында науқастар көбейген. Балалар мен жүкті әйелдер оны ауыр көтереді.

Жалпы вирустың бұл түрі әлемнің 96 елінде анықталған. Эпидахуалдың ушығуына байланысты үкімет комиссиясының шешімімен "сары" аймақтарда да шектеу шарасы күшейтіледі. Әсіресе қонақтарын дұрыс тексермейтін 464 нысан «Ашық» жүйесінен екі аптаға шығарылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде