{metadescription}
КВИ: Алматыда үнді, британдық штамм жылдам таралып жатыр
КВИ: Алматыда үнді, британдық штамм жылдам таралып жатыр

КВИ: Алматыда үнді, британдық штамм жылдам таралып жатыр

Алматыда коронавирустың төртінші толқыны басталды. Қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин індеттің үнді және британдық штамы жылдам таралып, науқас саны екі есеге артқанын айтады. Қазір вирустың кезекті толқынына төтеп беру үшін шаһарда қосымша стационарлар дайындалып жатыр. 

Жандарбек Бекшин, Алматы қаласының бас санитар дәрігері:

Соңғы екі аптада коронавирус 2,1 есеге өсті. Бұл 1 142 жағдай 2 377 жағдайға дейін өсті деген сөз.Сондықтан, біздің ойымызша, бұл төртінші толқын деп саналады. Өткен үшінші толқынның себебі ұлыбританиялық штамның тіркелуі. Ол басылмай, жаңадан төртінші толқын басталуда. Оның басты себебі: ұлыбританиялық штамға үнді штамы "дельта" қосылды.

Өткен аптада «қызыл» аймаққа қайта кірген Алматыда соңғы тәулікте 353 адамның қанынан кесел табылған. Қалада коронавирустың төртінші штамын жұқтырғандардың жалпы саны 85 адамға жетті. Оның 67-сі үнділік «дельта» нұсқасына шалдыққан. Қазір олардың жағдайы бір қалыпты. Жандарбек Бекшин шаһарда вакцина салдырмағандармен күрес күшейетінін мәлімдеді. Қазір арнайы құрылған мониторинг топтар вакцина алу міндеттелген халыққа қызмет көрсететін нысандар мен түрлі мекемелерді аралап, түсіндіреді. Өйткені жаңа қаулыға сәйкес, олар 15-шілдеге дейін екпенің алғашқы компонентін алып үлгеруі тиіс.

Міндеттелгендер тізімінде БАҚ саласының қызметкерлері де бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде