{metadescription}
КТК – 30 жыл: Өткен күннің жылнамасы қандай? 
КТК – 30 жыл: Өткен күннің жылнамасы қандай? 

КТК – 30 жыл: Өткен күннің жылнамасы қандай? 

30 жыл елмен бірге! КТК арнасына биыл 30 жыл толып отыр. 1991 жылдан бастап эфирге шыққан арна әлі күнге дейін халықпен бірге жасап, мұңын мұңдап, жоғын жоқтап келеді.

Шілденің 11-нен бастап әр жексенбі сайын 18:00-де арнайы шығарылым эфирге жол тартады. Онда КТК телеарнасының әр жылдары жүріп өткен жолына үңіліп, түрлі жанрдағы бағдарлама тізбегін көре аласыз.

Өткен күндердің жылнамасы қандай?  

30 жыл елмен бірге жасаған арнаның айтары ешқашан таусылған емес. Халықтың жоғын жоқтаған КТК журналистері әрқашан желдің өтінде жүріп жаңалық әзірлеп келеді. Осы аралықта көрерменнің көкейіндегісін дөп басқан, талғам-таразысынан шыққан сандаған бағдарлама эфирге жол тартты. Солардың  арасында әзіл-сықақ жанрында тыңға түрен салған хабарларды санап тауыса алмайсың. Ал КТК арнасының жүріп өткен жолында өзінің сүрлеуін тапқан жандардың айтар алғысы шексіз.

Есен Елеукен, J-club және «Анда-санда» бағдарламасының авторы:

- 2007 жылдың басынан бастап екі жылға жуық жұмыс істедік. Екі бағдарламамыз болды. «Анда-санда» және J-club. Өте қызықты болды. Сол кездегі КТК басшылығына ерекше алғысымды білдіргім келеді. Біздің шығармашылығымызға ол кісілер көмектесіп, қолдады. Себебі, сол кездегі ойын-сауық бағдарламалардың алғашқы қарлығашы біз едік.

Бір қызығы, сол жылдары отандық телеарна саласында әзіл-сықақ бағытындағы жобаларды жігіттер ғана иемденсе, 2009 жылы КТК-да қыздарға арналған бағдарлама ашылды. Республикалық арнада алғашқы аяқ алысын бастаған арулар тәтті қылық, әдемі әзілімен талайды таң қалдырды. Көрерменнің көзайымына айналған «Қыз қылығы» бағдарламасы төрт жыл бойы эфирден түспеді.

Перизат Жапарова, «Қыз қылығы» бағдарламасының редакторы:

- Өз қаракөз қыздарымызға кері образдар арқылы мұндай болмау керек дегендей ой тастай алдық. Осындай болсаңыз, күлкіге қаласыз деген сияқты. Оның үстіне бізде ене мен келін, яғни супер келін деген рубрика болған. Өзіміз тұрмысқа шықпағанбыз, сөйтіп жүріп келіндерге кеңес айттық.  

Мәссаған! Мен алдандым! Ду қол шапалақ. Мынау негізі спектакльдің сіріңкесі, бәрін жеп қойдым. Қаншасы кетті. Жігіттер, рақмет! Керемет!  Ренжімеңіз!

Көрермен асыға күтетін «Мәссаған» бағдарламасы да КТК арнасының  ажарын ашып, шырайын келтірген еді. Көңілді тапқырлар клубы мен театр сахнасын жымдастырған  бағдарлама қысқа уақытта талай өнерлі жігіттің төлқұжатына айналып үлгерді.

Марат Оралғазин, «Мәссаған» бағдарламасының жүргізушісі:

- Біріншіден, тәжірибе бергені үшін рақмет! Мүмкіндік бергені үшін рақмет! Сенім артқанына рақмет! КТК арнасы – жаңашыл арна. Қазақ телевизиясының локомотиві.  

КТК арнасының 30 жылдыған орай, шілденің 11-нен бастап әр жексенбі сайын сағат 18:00-де арнайы шығарылым эфирге жол тартады. Арнамыздың әр жылдағы қызыққа толы сәттерін қалт жібермей қараңыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде