{metadescription}
Оливер Стоун Нұрсұлтан Назарбаев туралы фильмнің трейлерін жариялады
Оливер Стоун Нұрсұлтан Назарбаев туралы фильмнің трейлерін жариялады

Оливер Стоун Нұрсұлтан Назарбаев туралы фильмнің трейлерін жариялады

Голливуд режиссері Нұрсұлтан Назарбаев туралы фильмнің трейлерін жариялады. Оливер Стоун әлеуметтік желісіндегі жазбасында Елордада өтетін Қазақстан туралы сегіз сағаттық фильмнің премьерасында өзі болатынын айтты. Деректі фильм  «Қазақ: Алтын адамның тарихы» деп аталады.

- Мистер, Стоун.

Мистер, президент. Көргеніме қуаныштымын.

- Мен де.

Қазақстанға қош келдіңіз!  

Сегіз сағаттық деректі фильмнің режиссері – Игор Лопатенок. «Фильмнен Кеңес Одағы империясының күйреуі мен елдің тәуелсіздік алуы, ядролық қарудан бас тартқаны жайлы пайымдайтын қарапайым адамды көресіз.

«Нұрсұлтан  Назарбаев Қазақстанның көшпелі тарихы мен Еуразияның технологиялық келешегі туралы әңгімелейді. Меніңше, бұл – жарқын болашақ», - деп жазды Оливер Стоун өз парақшасында.

Жарияланған трейлерде Қазақстанның Тұңғыш Президентімен сұхбаттан үзінділер келтірілген.  Нұрсұлтан Назарбаев ел билігіне қалай келгенін, Горбачев, Ельцин және Кеңес Одағының ыдырауы жайында сөз қозғайды.

Оливер Стоун Тұңғыш Президенттің қызы Дариға Назарбаевадан да сұхбат алған. Бұл деректі туындыны ертең КТК эфирінде сағат 20:00-де көре аласыздар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.