{metadescription}
Елбасы жылуы: Алматы, Ақмола, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарына азық-түлік жіберілді
Елбасы жылуы: Алматы, Ақмола, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарына азық-түлік жіберілді

Елбасы жылуы: Алматы, Ақмола, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарына азық-түлік жіберілді

Елімізде «Елбасы жылуы» қайырымдылық шарасының екінші кезеңі басталды. Нұрсұлтан Назарбаев қоры мен «Дегдар» қоры бірігіп көмекке мұқтаж көпбалалы, мүгедек балалары бар отбасыларына тегін азық-түлік үлестіреді.

130 келі азық-түлікке толы қораптар Алматы, Ақмола, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарына жөнелтіліп жатыр. 

Араға екі ай салып Елордадан шыққан жүк көліктері тағы да жоспардағы аймақтарға жол тартты. Кезекті көмектің бірі Алматы облысындағы тұрмысы төмен көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі балалары бар 200 отбасыға жеткізіліп жатыр. Онда қабымен ұн, күріш, қарақұмық, шай, қант, күнбағыс майы, жеміс пен гигиеналық құралдар бар.

Сәуле Әбілқайырова, Алматы облысының тұрғыны:

Мұнда түрлі дәрумендер де бар екен. Сондай-ақ жазда пісетін жемістер мен пайдалы заттарды да әкеліпті. Қазір көмекке зәру отбасы өте көп. Аналары кішкентайларына қарап жұмыс істемей үйде отыр. 5-6 баласы бар жанұяға бір адамның тапқан табысы түкке де жетпейді. Ал бұл қолдау оларға үлкен көмек.

Гүлнар Дадаридзе, Алматы облысының тұрғыны:

- Ұзақққа жетеді. Мен жалғызбастымын, қызым екеуіміз ғана тұрамыз. Тіпті екі-үш ай қажеттілігімізге жаратамыз.

Елбасының жылуы жалпы шалғайдағы елдімекендердегі тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларды қолдауға арналған жоба. Онда жанұялардың әрқайсысына азық-түлік, тұрмысқа қажет заттар 130 келіден беріледі. Жалпы салмағы 120 тонна.

Құмар Тоқаева, Алматы облысының тұрғыны:

Тамақ дайындап ішетін боламыз. Осындай көлемді қажет затты жеткізіп қамқор танытып жатқан барлық жанға алғысымыз шексіз.

Қайырымдылық ұйымның бүгінге дейін халыққа жасаған жақсылығы ұшан-теңіз. Мәселен, пандемияның өршіген тұсында ауруханаларға көмек ретінде жасанды тыныс алу аппаратын алуға да көптеп жәрдемдескен.

Әлкей Марғұланұлы, Нұрсұлтан Назарбаев қоры директорының орынбасары:

- Әрине, бәрін бірден қамти алмайтынымызды түсінеміз. Дегенмен сәл де болса жасаған жақсылығымыз бүтін бір отбасыға қуаныш сыйласа, біз де бақыттымыз. Өйткені тамшыдай қамқорлықтың еселенгені, езуіне күлкі үйірілгені көздеген мақсатымыздың орындалғаны десе болады. 

Шара екінші рет өткізіліп жатыр. Алғашқысы сәуір айында жүзеге асырылған. Ол кезде де азық-түлік пен қажетті заттарды Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Алматы және Түркістан облыстарындағы 681 отбасына үлестірген.

Лаура Ахметова, «Дегдар» гуманитарлық қорының директоры: 

Шынында, бұл көмекке мұқтаж отбасына үлкен шарапат. Тамаққа деп сақтаған қаражатын енді өзге қажетіне жарата алады.  Елімізде жомарт жандар өте көп. Нұрсұлтан Назарбаев қоры мен «Дегдар» қорының бастамасы өзгелерге үлгі болып, ары қарай да жалғасы табатынына сенімдіміз.

Қайырымдылық науқанының екінші кезеңге жоспары мың отбасын қамту. Жүк көліктеріне тиелген барлық қажет заттар Тараз, Талдықорған, Алматы мен Ақмола облысындағы тұрмысы төмен көпбалалы, мүгедек балалары бар отбасыларына тиесілі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.