{metadescription}
Қазақстан құқықтық реформалар бойынша алдыңғы орында
Қазақстан құқықтық реформалар бойынша алдыңғы орында

Қазақстан құқықтық реформалар бойынша алдыңғы орында

Қазақстан құқықтық реформалар бойынша ТМД елдері арасында алдыңғы орындардың бірін иеленеді. Елордада өткен халықаралық алқа жиын қонақтары еліміздің құқықтық жүйесінің негізгі жетістіктерін атап өтті.

«Қазақстан Республикасы құқықтық жүйесінің қалыптасуы және дамуы: ұлттық дәстүр мен шетелдік тәжірибе» деп аталған жиын ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына мен елорданың 23 жылдығына арналды.

Шараны «Астана» халықаралық қаржы орталығы мен Нұрсұлтан Назарбаев қоры бірлесіп өткізді. Қнақтардың айтуынша, Қазақстан мемлекеттік басқару жүйесінің қызметін, экономика мен азаматтық қоғам институттарының дамуын қамтамасыз ету үшін жаңа құқықтық негіз қалыптастыра алған мемлекет. Ата заңның соңғы нұсқасы 1995 жылы қабылданса, жалпы Тәуелсіздік жылдарында 51 мыңнан астам нормативті-құқықтық акті бекітілген.

Әлемде қаржылық дағдарыс болып, шикізат бағасы арзандап жатқанда елде құқықтық, қаржылық және инвестициялық инфрақұрылым құру керек болды. 2015 жылы Елбасының бастамасымен жаңа ұйым жұмысын бастады. Ал мұның бәрі 100 нақты қадам мен 5 институционалды реформа асында жүзеге асырылып жатыр.

Қанат Жұмабаев, Нұрсұлтан Назарбаев қорының атқарушы директоры:

- Сарапшылардың айтуынша, құқықтық реформалардың қалыптасуы мен жүзеге асырылу қарқыны бойынша Қазақстан ТМД елдері арасында алдыңғы орындардың бірін иеленеді. Тарихи өлшеммен алғанда қысқа уақытта Қазақстанда мүлде жаңа конституциялық құқық жүйесі қалыптасып, соның негізінде екі жарым мыңнан астам заң қабылданды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде