{metadescription}
Елорда тұрғындары жапсарлас үй салуға қарсы шықты
Елорда тұрғындары жапсарлас үй салуға қарсы шықты

Елорда тұрғындары жапсарлас үй салуға қарсы шықты

Нұр-Сұлтанда бір топ тұрғын көпқабатты үйлеріне жапсарлас үй салуға қарсы шықты. Қазығы енді қағылып жатқан элиталы тұрғын үй кешенінің орнында негізінен медициналық орталық пен емхана бой көтеруі тиіс.

Әлеуметтік ғимараттардың сұлбасы қаланың бас жоспарында анық көрсетілген. Тілшіміз шу шығарған жұрттың мәселесін тыңдап қайтты.

- Мына темір қоршаулар үш жыл бұрын 21 қабатты тұрғын үй кешені пайда болғанда қойылған. Қоршаудың ар жағындағы жер бос жатыр. Ал жағалай келсеңіз, қазір мынадай өнер галереясын көре аласыз. Ешқандай да әдемілік үшін емес, әрине. Шенеуніктер талапқа құлақ аспаған соң, балалар қарсылығын осы суреттер арқылы білдіргісі келген. Бүлдіршіндердің заңсыз құрылыс орнында жасыл желек жайқалып, емхана, мектеп салынса деген тілегі бар.

Бизнес санатты тұрғын үйдің құрылысы басталғанын «Хайвил парк» тұрғын үй кешенінде тұратындар бірінші көріпті. Жыл басында 1,6 гектар аумаққа ауыр техника, құрылыс материалдары жеткізілген. Қазығы енді қағыла бергенде, мұндағы жұрт әкімдіктің алдын күзетуге көшеді. Себебі, астананың бас жоспарында көрсетілгендей, бұл аумақта 64 керуеті бар медициналық орталық, емхана және саябақ салынуы тиіс еді.

Талғат Қазиев, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны:

- Қазаншұңқыр қазылғанда айтылған  стационар мен емхана орны тіпті көп. Бүкіл жер телімін қазып тастады. Біз қызығушылық туып, І-көмек, әкімдікке жаза бастадық. Былтыр қазан айында әкімдіктің 32-ші жұмыс тобы жер телімінің мақсатын медорталық орнынан бастап тұрғын үй кешені деп ауыстырып жіберіпті. Ешкіммен келіспеді, ақылымызды сұрамай.

Жер елдегі беделді құрылыс компаниясына тиесілі. Әу баста олар медициналық орталық саламын деген ойда болса керек, учаскені «Астана мед» серіктестігінің атына рәсімдеген. Кейін араны ашылған компания «бармақ басты, көз қыстыға» барып, жер телімі мақсатын өзгертіп жібереді. Яғни 9 және 16 қабатты үй тұрғызуды жоспарлайды. Бұқара егер 1500 пәтерлі тұрғын үйге жапсарлас тағы үй салынатын болса, аяқ басар жер таба алмаймыз деп қорқады.

Қаламқас Сауырбаева, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны:

- Мына жерге тұрғын үй кешені салынайын деп жатыр. Әрине, біздің ашуымызды келтіріп тұр. Ең бастысы, эмоцияны алып тастаған кезде, бұл заңсыз құрылыс болайын деп тұр. Қай жерге барамыз? Бізде мектеп, балабақша жоқ. Баратын жеріміз жоқ.Не медорталық та жоқ, бәрімізді «Шипагерге» тығып тастаған. Бір 100 шаршы метр ме, 200 бе, сонша жер.

Қала сәулетіне жауапты органдар жұрттың хатына тұрғын үй кешенінің заңсыз екенін айтып жауап берген. Құрылыс компаниясы әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің төрт бабын бұзыпты. Халықтың берекетін қашырған ірі құрылыс әзірге тоқтап тұр.

Талғат Қазиев, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны:

- Төрт жерден бұзылған заң. Заңсыз құрылыс ескертусіз, құжатсыз басталған. Қазір құрылыс 30 күнге тоқтатылды.Бар өтінішіміз: жер телімінің мақсаты ауыспауы керек. Мына жерде стационар және емхана салынуға тиіс.

Заңсыздықты дәлелдемек болғандар 30 күн мерзім аяқталған соң, құрылыстың қайта жанданатына сенімді. Сол себепті Алтай Көлгіновтің басшылығындағы әкімдік құлақ асып, әлеуметтік ғимараттар салар деп үміттенеді. Егер бұл бассыздыққа еш тосқауыл қойылмаса, тұрғындар  құрылысқа кедергі жасауға бекініп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде