{metadescription}
COVID-19: Бір күнде 303 адам жұқтырған, 102 науқастың жағдайы өте ауыр
COVID-19: Бір күнде 303 адам жұқтырған, 102 науқастың жағдайы өте ауыр

COVID-19: Бір күнде 303 адам жұқтырған, 102 науқастың жағдайы өте ауыр

Елімізде эпидемиологиялық ахуал күн өткен сайын нашарлап барады. Соңғы тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны – 3031. Пандемия басталғалы бір күнде осыншама адам ауру жұқтырған емес. Бұл бірден 5-6 адамға жұғатын үнді штамының жаппай таралуының салдары.

Антирекорд басында Нұр-Сұлтан қаласы тұр. Мұнда бір күнде 800-дей адам індетке шалдыққан.

Қарағанды облысында 499 адамның коронавирусты анықтауға тапсырған тесті оң шыққан.

«Дельта» штамы дендеп тұрған Алматыда да ахуал мәз емес. Бір тәулікте COVID-19 диагнозымен 400-ге тарта науқас тіркелді.

Жалпы елде коронавирус картасында «жасыл» түске боялған екі өңір ғана қалды: Түркістан мен Шығыс Қазақстан облыстары.

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау және Павлодар облыстары.

Қалған өңірлер «сары» деңгейде.

Дәл қазір елімізде 32 мыңға тарта адам індеттен емделіп жатыр. Оның ішінде 122 науқастың жағдайы өте ауыр. Осыған дейін коронавируспен 437 мыңдай адам тіркелсе, соның 4 жарым мыңға жуығы ажал құшқан.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде