Төтенше жағдай: Ұлытауда 300 бас мал тірідей жанып кетті
Қарағанды облысының Ұлытау ауданында төтенше жағдай жарияланды. 1-шілдеден бері бас алған орман өрті әлі сөнбей жатыр. 300 бас мал тірідей өртеніп кетті. Облыс төтенше жағдай департаменті Қоскөл ауылында 1998 жылғы жігіттің жанып кеткен денесі табылғанын хабарлады.
Автор: Асқарбек Қазанғап
05.07.2021
Қарағанды облысында оттың 17 ошағы анықталған. Әсіресе Керегетас, Ойшыбар, Қалыбай, Демеубай, Сарысай, Қызылсай, Ермек ауылдары қатты зардап шеккен. Шамамен 300 гектар аумақ өртеніп кетті. Оқиға орнында тәулік бойы тікұшақпен қоса 70 техника мен 350 маман өртпен арпалысып жатыр. Шығын көлемі әзірге есептелмеді.
Нұрлан Бекбосынов, Қарағанды облысы ТЖД басшысының орынбасары:
- Жергілікті атқарушы орган Жангелдин, Ақтасты және Амангелді ауыл округі аумақтарында төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылдады және комиссия құрылды. Ұлытау ауданына «Ми-8» тікұшағы жеке құрамды табиғи өрт ошақтарына жедел жеткізуге жіберілді. Қарағанды қаласынан 42 адам және 4 техника жіберілді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!