Зират тонап пайда тапқан қаскөй ұсталды – ШҚО
Мола тонап пайда тапқан. Шығыс Қазақстан облысында зираттардың темір қоршауын ұрлаған қаскөй ұсталды. 26 жастағы күдіктіге 20-дан астам бейітті талқандады деген айып тағылды.
Автор: Ұлан Нұрахмет
08.07.2021
Өскемен қаласының тұрғыны бұрын қабір қазушы болып жұмыс істеген. Өлген адамның қабіріне қандай қоршау қойылатынын жақсы білген. Тепсе темір үзетін жігіт Глубокое мен Ұлан аудандарындағы зираттардың темір қоршауын ұрлаған. Қолды қылған металды темір қабылдайтын орындарға өткізіп жіберген. Қазір қабірді қорлаған күдікті қамауға алынып, тергеу жүргізіліп жатыр.
Қайрат Әбдіғалиев, ШҚО ПД криминалды полиция басқармасының бастығы:
- Сот санкциясы негізінде қамауға алынды. ҚР ҚК-нің 188-бабы, 3-бөлігі, яғни бірнеше рет жасалынған ұрлық бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Аталған баб бойынша 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!