{metadescription}
0:000:00
Біртановқа тағылған айыптау бабы өзгертілді

Біртановқа тағылған айыптау бабы өзгертілді

Біртановқа қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Бірақ тергеудің тәмамдалуына бес күн қалғанда оны айыптау бабы өзгеріп шыға келді. Яғни бұған дейін Елжан Біртановқа тағылған бюджет қаржысын жымқыру айыбы алынып тасталды. Енді қазір тек қызметін асыра пайдалану бабымен жауапқа тартылады.

Қорғаушы тараптың пікірінше, экс-министрдің ісін тергеу амалдары көптеген заңбұзушылықтармен жүргізілген.

Аталмыш іске қатысты тергеу 2020 жылдың мамырында басталды. Сол уақытта Дднсаулық сақтаудың бұрынғы министріне бюджет қаржысын жымқыру айыбы тағылған. Бірақ қаржы мониторинг агенттігі жымқыру дерегінің болмағанын растады. «Осылай агенттік бұқараға жалған ақпарат таратып, алдап соқты», - дейді Біртановтың қорғаушысы Дмитрий Куряченко. Әуелде экс-министр тергеу изоляторында болды. Одан кейін 8 ай көлеміндегі үйқамаққа кесілгенімен, оның мерзімі бірнеше рет ұзартылды. Ендігі сот отырысы нақты қашан болатыны белгісіз.

Дмитрий Куряченко, қорғаушы:

- Атқарылған жұмыстарды қабылдау актісіне қол қою, келісімшарттарды бекіту Біртановтың лауазымына кірмеген. Ол шаруалар үшін Цой, Әбішев секілді вице-министрлері болды. Ал атқарылмаған шаруаға ақша төленді деген де шындыққа жанаспайды. Себебі: тапсырыс алған компаниялар барлық жұмысын орындаған, дәлел бар. Ал Біртановтың ұшақты өз мақсатында пайдаланды дегенімен де келіспеймін. Өйткені ол вируспен ауырып қалғандықтан, басқа үкімет мүшелеріне дерт жұқтырмау үшін шипажай ұшағын пайдалануға мәжбүр болды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.