КТК – 30 жыл: Жексенбіде жаңалықтар қызметінің қалыптасуына куә боласыз
Отыз жыл елмен бірге! Алдағы жексенбіден бастап әр апта сайын эфирге КТК арнасының 30 жылдық мерейтойына арналған бағдарлама шығады. Арнайы хабардан халықпен бірге жасаған арнаның әр жылдардағы жүріп өткен жолына үңіліп қызмет еткен танымал журналистердің естелігін көре аласыздар.
Автор: Мақсат Мәлік
09.07.2021
- Өзімді алғаш рет бірінші студияға кіргізген кезде студия деген осындай болады екен деп ойлағанмын. Өйткені кішкентай ғана бір бөлме. Алдыңда камера тұрады. Сол жерде отырасың, камераға қарайсың.
Жексенбіде жаңалықтар қызметінің қалыптасу кезеңіне куә боласыз. Онда КТК арнасындағы қазақ тіліндегі жаңалықтардың тұңғыш дикторы Мира Сәдібекқызынан бастап, әр кезеңде тер төккен қарымды тілшілердің естелігін тыңдап жылнама парағын ақтаруға мүмкіндік бар.
Алғашында «Бір күн» деген атпен эфирге жол тартқан жаңалықтар қызметі талай сүрлеуді басып өткен еді. «Шарайна» және «Аптап» секілді ақпараттық-сараптамалық бағдарламаның қазақ телевизия саласында атқарған маңызды рөлі назардан тыс қалмайды.
11-шілдеден бастап әр жексенбі сайын 18:00-де КТК арнасының 30 жылдығына арналған арнайы хабарды тамашалаңыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!