КТК ұрыс-керістің алдын алуға көмектесетін әсерлі фильм ұсынады
Үйінен кетіп өлімге тап болды. КТК отбасындағы ұрыс-керістің алдын алуға көмектесетін әсерлі фильм ұсынады. Кино ата-аналар мен ер жеткен ұлдарының арасындағы кикілжің туралы.
Автор: Аруна Ортай
09.07.2021
Туынды белгілі жазушы, журналист Зара Есенаманның новелласының желісімен түсірілген.
Балаңызбен араңызда түсінбеушілік көбейді ме?
Ересектер мен жасөспірімдердің тіл табысуы не себепті қиындап кетті?
Ендеше «18 килогерц» киносын тамашалаңыз.
Өлгісі келіп көше кезген бұл нәбірі 9 сынып оқушылары. Қос жасөспірім де ата-анасымен ұрысып үйінен безген. Көшеде тентіреген олар ақыры есірткі сатушылардан тірек табады. Солардың айтқанын істеп темекінің дәмін татады.
Тура жолдан тайған бозбала мен бойжеткеннің қызығушылығы тек темекімен шектелмейді. Кино 90-жылдардың соңындағы тұрмыс-тауқыметін суреттейді. Әсіресе, күнкөріс қамымен баланы ұмытқан ата-аналар мен тәрбиені көшеден алған жасөспірімдердің жан қайғысы жайында.
Фильм белгілі жазушы Зара Есенаманның кітабы бойынша түсірілген. Дегенмен режиссер Фархат Шарипов оған өмірде болған шынайы оқиғаны да қосып одан сайын әсерлі еткен. Сценарийдің әсерлі болғаны сонша, актерлер сезімге бой алдырып, бірін-бірі шын мәнісінде ұрып жіберген сәттер де болыпты.
Дана Серік, режиссердің көмекшісі:
- Кадрда шынымен де ұрды. Кәдімгі бәрімізге қорқынышты, қиын болды. Бірақ Мұсахан кәсіби актер болмаса да, шыдап, дыбысын шығармады.
Басты рөлдерді 15 жастағы оқушылар сомдаған. Ешқайсысы да кәсіби актер емес дейді режиссердің көмекшісі. Сонысымен кино ұтымды шыққан.
Дана Серік, режиссердің көмекшісі:
- Фильмді көруге кеңес беремін. Қазір жастар мен ата-ана арасында түісінбеу өте көп.Ата-аналар балаларының не істеп жүргенін білмейді. Сабақта деп ойлайды, шын мәнінде балаларының немен айналысып жүргенінен хабары жоқ. Сол себепті бұл фильм сол жағынан ата-аналарға да, балаларға да сәл де болса бір-бірін түсінуге мүмкіндік береді.
Фильм Еуропаның бірнеше елінде көрсетіліп, үздік атанды. Туынды 16 жасқа толған көрермендерге арналған. Әдетте бозбала мен бойжеткендер ата-анасына айта бермейтін жанайқайын білгіңіз келсе, «18 килогерц» кинофильмін жіберіп алмаңыз.
Кино КТК арнасынан 11 шілдеде сағат түнгі 12:40-та көрсетіледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!