Павлодарда Базыкен Өскенбаевқа арналған ескерткіш тақта ашылды
Павлодарда Алаш қозғалысының мүшесі Базыкен Өскенбаевқа арналған ескерткіш тақта ашылды. Отызыншы жылдары адам өміріне араша болған дәрігер Баянауылдың тумасы. «Халық жауы» деп ұсталып оққа ұшқан ұлт зиялысын ұрпағы ұлықтады.
Автор: Тәуірбек Бозекенов
09.07.2021
Мемориалдық тақта Базыкен Өскенбаевтің өзі басшылық еткен денсаулық сақтау бөлімінің ғимаратына орнатылды. Омбы медициналық училищесінің түлегі, жастайынан елдің саяси өміріне белсене арласқан. Дегенмен талай мәрте репрессияға ұшырап елден қуғындалады. Кейін қайта Отанына оралып, ауылдық амбулаторияда фельдшер болған.
37-жылдары НКВД қызметкерлері дәрігердің ізіне түсіп, «халық жауы» деп айдар тағып ату жазасына кескен. Ескерткіш тақтаның ашылу рәсіміне зиялы қауым өкілдері мен ұрпақтары жиналды.
Алма Өскенбаева, Б. Өскенбаевтің немересі:
- Бұл бір игі іс болды. Атамыз Базыкен Өскенбаевтің есімін мәңгі есте қалдыру арманымыз жүзеге асты. Мұны мен өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беруде үлкен рөл атқарады деп есептеймін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!