Кедейлік шегі. Ана капиталы. Жәрдемақы
Қазақстандағы кедейлік шегі айтылды. Биыл ол орташа есеппен 24 мың 12 теңгені құрайды. Бұл ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызы. Еңбек министрлігі осы сандардың арқасында атаулы әлеуметтік көмек мөлшері есептеледі дейді. Ал елімізде дүниеге келген әр балаға берілетін ана капиталы енгізілмейтін болды.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
09.07.2021
Қазақстанда ана капиталын енгізу туралы ұсыныс Мәжіліс қабырғасында айтылды. Депутаттар жаңа туған әр балаға 4 миллион 200 мың теңге берсек, халықтың әлеуметтік ахуалы түзеледі деген сенімде. Үкімет бала туғаны үшін бүлдіршіндердің санына қарай анасына 110-нан 183 мың теңгеге дейін біржолғы төлемдер төлейді.
Бір жылға дейінгі күтім бойынша жәрдемақы бар. Босанғанға дейін жұмыс істейтін аналар да ақша алады. Еңбек министрлігі бұл көмек жеткілікті деп санайды. Сол себепті ана капиталынан бас тартыпты. Халықаралық тәжірибелерді зерттеген шенеуніктердің сөзінше, ана капиталын енгізу үшін елдегі бала туу көрсеткіші тым төмен болуы шарт. Ал Қазақстанда бәрі жақсы. Үкіметтен азғантай жәрдемақы тағайындалса да, ұрпақ сүйгісі келетіндердің қатары көбейген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!