{metadescription}
Елордада карантин күшейтілді – Жаңа қаулы шықты
Елордада карантин күшейтілді – Жаңа қаулы шықты

Елордада карантин күшейтілді – Жаңа қаулы шықты

Елордада карантин күшейтілді. Қаланың бас санитар дәрігері Сархат Бейсенованың жаңа қаулысымен енді жағажайлар мен аквапарктер және бассейндердің жұмысына тыйым салынады әрі қоғамдық тамақтандыру орындарының жұмыс уақыты қысқартылады. Жаңа қаулы ертең сенбіден жексенбіге қараған түнгі 12-ден бастап күшіне енеді.

Бас қалада мейрамхана, кафе және кофеханалар ғимарат ішінде таңғы 7-ден кешкі 8-ге дейін, жазғы залдарда кешкі 10-ға дейін жұмыс істеуіне рұқсат. Сенбі, жексенбі күндері жабылады. Ал дәл осындай Ashyq жобасына қатысатын қоғамдық тамақтану орындары демалыс күндері де түнгі сағат 12-ге дейін істей береді. Соңғы қаулыдағы өзгерістерде енді кинотеатрлар да жұмысын тоқтатуға тиіс. Әрі қаладағы жағажайлар мен аквапарктар, оның ішінде бассейндердің де жұмыс істеуіне тыйым салынады. Алайда ережеге бағынбайтындар әлі көп. Тұран даңғылының бойындағы клубтан 70 адам шыққан. Мобильді топ кіріп барғанда кальян шегіп отырған қонақтар дереу сыртқа ағылды. Бұрын сот шешімімен жұмысы бір айға тоқтатылған клуб жұмысын жалғастырған бойда қайтадан ереже бұзған.

Биыл қалада 1200-ден астам карантин тәртібін бұзу фактісі анықталған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде