{metadescription}
0:000:00
Вице-министр баспананың қашан арзандайтынын айтты

Вице-министр баспананың қашан арзандайтынын айтты

Қазақстанда пәтер бағасы қыркүйекте арзандауы мүмкін. Индустрия вице-министрі бүгін осылай деп мәлімдеді. Шенеуніктің сөзінше, бұрынғы тұрғын үй құнына қатысты оның болжамдары орындалған көрінеді. Бүгінде елімізде пәтер бағасы тұрақталған.

Түркістан, Қостанай, Нұр-Сұлтанда екінші нарықтағы үйлердің бағасы тым қымбат. Жаңа баспана құны Ақтау мен тағы да сол Елордада шарықтап тұр. Министрлік өкілдері қалған аймақтарда баға «сол қалпында» дейді. Өскенбаевтің есебінше, жыл басында жаңа салынған тұрғын үй 3,8 пайызға, бұрын салынған үйлердің бағасы 2,7 пайызға көтеріліпті. Қазақстандықтардың зейнетақы жинағының бір бөлігін алуы мен пандемия кесірінен бүкіл құрылыс материалдары құнының көтерілуі тұрғын үй нарығына қатты әсер еткенін ақжағалылар әлі айтып жүр. Сол себепті биыл баспананы көптеп салуға инвестиция көлемі екі есеге, яғни 732 миллиард теңгеге көбейген.

Қайырбек Өскенбаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі:

Жыл басында үйдің бағасы күрт көтерілген кезде маусым-шілдеде баға тұрақталатынын айтқан едік. Ол байқалып жатыр. Бағаның өсуі зейнетақының бір бөлігін пайдалануға байланысты тұрғын үйге деген сұраныстың жоғарылауымен байланысты болды. Менің жеке болжамым бойынша, қыркүйек айында тұрғын үй бағасы арзандайтын болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде