{metadescription}
Шымкентте көп қабатты үй бір жылға толмай қақырай бастаған
Шымкентте көп қабатты үй бір жылға толмай қақырай бастаған

Шымкентте көп қабатты үй бір жылға толмай қақырай бастаған

Шымкентте сапасыз салынған көпқабатты үйдің тұрғындары жолды жаппақшы болды. Себебі, "Нью Сити" деп аталатын кешеннің берілгеніне бір жыл болмай жатып, шатыры ұшып, қабырғалары қақырай бастаған.

Аптасына бірнеше мәрте ауыз су тоқтап, аулалардысу басады екен. Үй мемлекеттік бағдарлама арқылы әкімдік тапсырмасымен салынған.
"Нью Сити" деп аталатын 8 көпқабатты үйдің берілгеніне жыл толған жоқ. Бірақ мұндағылар үйді салғандар мен оны қабылдап алған шенеуніктермен дауласып келеді. Себебі,әкімдік тапсырмасымен салынған әр үйдің ауласында құжат бойынша балалар алаңқайы мен автотұрақ болуы керек болған. Бірақ іс жүзінде 8 үйге бір ғана ойын алаңы бар.

Роман Исаев, Шымкент қаласының тұрғыны:

- Нақты талап біздің өзіміздің үйді ремонттап, ішін бәрін істеп берсін. Дуал, кафельдер құлап жатыр.Құбыр жарылды. 15 күнде жеті мәрте жарылды. Ол мүмкін емес қой, бір клейдің 15 күнге шыдамауы деген. 

Тұрғындар шулап жатқан кезде кезекті рет құбыр жарылды. Әп сәтте ауланы басқан су арық арқылы жертөлеге құйылды. Ал мұндай көрініс бұл тұрғын үйлер үшін қалыпты жағдайға айналған. Тіпті лифті де адам өміріне қауіпті дейді жиналғандар.

Ботагөз Қасымова, Шымкент қаласының тұрғыны:

- Жер сілкінісі сияқты бұл да. 4-ке келді де, бірден сылқ еткізіп бірінші қабатқа түсірді. Мен өз басым куәмін. Бала-шағаны кіргізбеймін, жаяу жүргіземін. Себебі: қорқамын. 

Сапасыз құрылысты айтып әбден шаршаған тұрғындар бүгін  жолды жаппақ болған еді. Бірақ оларға қарсы полицейлер жасағы мен белгісіз жігіттер тобы дайын тұр екен. Атпалдай азаматтар наразы топтың жолын бөгеп, тырп еткізбей тастады.

- Қазір әкімдік пе, полиция ма, шақырған? Кімсіңдер сендер? 
- Кімсіңдер, сөйлесеңдер, қай жақтан  келдіңдер, көртышқандай ана жерде күтіп тұрсыңдар.  

Шулаған тұрғындарға жеткен шенеуніктер кезекті рет уәде беруден ары асқан жоқ. Ақау актілерін жасап, бүлінген жерлерді бүтіндеуге жұмыс істейтін боламыз деп тағы да ант-су ішіп жатыр.

Мәулен Аймамбетов, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары:

- Тыңдасаңыз, қазір бұзылған акті жасайды. Соған қанша материал керек санау керек пе?
- Санау керек.
- Уақыт керек қой оған.
- Неге санамадыңыздар, күнде шулап жатыр ғой. 
- Енді қазір барады ғой.

Қысқасы, шенеуніктер уәдесін беріп тағы кетті. Ал мұндағы жұрт әкімдік өздері қабылдап алған сапасыз үй бойынша нәтиже шығармайды деп сенімсіздік танытады. Енді 700-дей отбасы жаппай прокуратураға шағым түсірмекші.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде