{metadescription}
Алматыда жол апатын жасаған жүргізуші вакцинаны кінәлады
Алматыда жол апатын жасаған жүргізуші вакцинаны кінәлады

Алматыда жол апатын жасаған жүргізуші вакцинаны кінәлады

Алматыда жол апатына себепкер болып, ана мен баланы ауруханадан бір-ақ шығарған жүргізуші вакцинаны кінәлады. Көлікті тізгіндемес бұрын коронавирусқа қарсы екпе салдырған жігіт дәрінің кесірінен ұйықтап кеттім дейді.

Ғазиз Қадірбек:

- Осындай жағдайға алып келген – вакцинаның әсері. Менде осы уақытқа дейін ондай жағдай мүлдем болмаған – ұйықтау деген.

«Мерседес бенц» көлігін тізгіндеген 23 жастағы жігіт қарама-қарсы бағытқа шығып кетіп, өз жолымен келе жатқан «Фольксваген туарегпен» бетпе-бет соқтығысқан. Рөлдегі әйел мен қасында отырған 13 жасар қызы жарақаттанды. Жүргізуші өзін кінәлі санап отырған жоқ. Екпе салдырғанын алға тартқан ол «дәрінің кесірінен көзім ілініп кетті» дейді. Вакцинаны ол күндіз сағат 10-да қабылдаған. Ал жол апаты кешке сағат 10-да болған. Жол апаты екпенің кінәсінен бе? Әлде жүргізушінің қулығы ма ? Оны полиция тексеріп жатыр. Ал жол апатында зардап шеккен ана да, бала да ауруханада  жатыр.

Алуа Жексенова, балалар шұғыл медициналық жәрде орталығының реаниматолог-анестезиолог дәрігері:

- Балаға көмек көрсеткеннен кейін нейрохирургия бөлімшесіне жатқызылды. Қазір жағдайы орташа ауыр.Тұрақты емін алып жатыр. Әлі де бір апта уақыт бізде стационарлық көмекте болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде