{metadescription}
Өскеменде мемқызметкер масаң күйде көлікпен тексеруге келген
Өскеменде мемқызметкер масаң күйде көлікпен тексеруге келген

Өскеменде мемқызметкер масаң күйде көлікпен тексеруге келген

Өскеменде ішімдік ішіп көлік жүргізген шенеунік уақытша жұмыстан шеттетіледі. Индира Қалжабаеваға қатысты қызметтік тексеріс басталып, мемлекеттік қызметкердің бұл қылығы тәртіптік кеңесте қаралмақ.

Тілі күрмеліп Бәке, Сәкесіне  хабарласып жалынып отырған Индира Қалжабаева есімді әкімдік қызметкері. 54 жастағы шенеунік халықты вакциналауға арналған автобусты тексеруге келген көрінеді. Алайда мас күйінде көлік жүргізіп дөрекі сөйлеген оны тұрғындар байқап қалып полиция шақыртқан. Алғашында тәртіп сақшыларына бой бермеген шенеуніктің, сараптама барысында орта дәрежеде мас болғаны анықталды. Сондықтан қызметкердің көлігі айып тұрағына қойылып, жүргізуші куәлігінен айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Нұргүл Бепеева, судья:

- Сот аталған азаматшаны әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 608-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп тапты. Оған 15 тәуілікке әкімшілік қамаққа алу және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жаза тағайындады. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде