{metadescription}
Қуаңшылықтан мал қырылса да, сыртқа ет сату тоқтатылмайды
Қуаңшылықтан мал қырылса да, сыртқа ет сату тоқтатылмайды

Қуаңшылықтан мал қырылса да, сыртқа ет сату тоқтатылмайды

Қазақстанда қуаңшылықтан мыңдаған мал қырылса да, сыртқа ет сату тоқтатылмайды. Сауда министрі экспортқа шектеу қоюды елде ет тапшылығы болған кезде ғана ойланып көрмек. Сұлтановты дәл қазір тауарды шетке тасудан гөрі, қазақстандықтардың қамы толғандырады екен.

Бақыт Сұлтанов, ҚР Сауда және интеграция министрі:

- Ет болсын, басқа өнім болсын, оны өндіру көлемі ең біріншіден өз халқымыз үшін керек. Елімізде ет көлемінен, басқа да тауардан тапшылық болып жатса, әрине, экспортты шектеу жағынан құрал бар, жоспар бар. Ведомствоаралық комиссия қазір әр тауар бойынша қарап отыр. сондықтан шешім әлі қабылданған жоқ. Министрлік экспортты азайтпайды.

Еліміз 2020 жылы ірі қара малдың етін 9 миллион долларға экспорттаған. Жыл басынан бергі төрт айда 9 миллион 400 мың долларға ет сатыппыз. Импорт көлемі былтыр төрт айда 35 миллион доллар, ал биыл 21 миллион долларды құраған.

Бұл көрсеткіштерден экспорт көлемі артып, импорттың азайып жатқанын көруге болады. Сұлтанов шетелге ет тасымалдау шаруаларға табыс көзі дейді. Ішкі нарықта ет бағасы аспандап кетті. Сиыр етінің келісі 2 жарым мың теңгеден саудаланса, жылқы еті 3 мың теңгеге жуық. 

Дегенмен, Маңғыстау мен Қызылорда облыстарының фермерлері қазір ақшаны емес, мыңдаған бас малды қалай құтқарамын деп басын қатырып жүр. Қуаңшылықтан арам қатқан шаруаның төрт түлігін аман сақтап қалуға жер-жерден бұқара жем-шөппен көмек беріп жатыр.

Бұл жағдайды бақылай алмаған ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров қызметінен босатылған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде