{metadescription}
Соңғы тәулікте коронавирустан 35 адам, пневмониядан 6 адам өлді
Соңғы тәулікте коронавирустан 35 адам, пневмониядан 6 адам өлді

Соңғы тәулікте коронавирустан 35 адам, пневмониядан 6 адам өлді

«Қызыл» аймақ көбейді. Коронавирустың таралу қаупі жоғары өңірлердің қатарына Солтүстік Қазақстан облысы қосылды. Қазір еліміздің үш қаласы мен тоғыз облысы «қызыл» деңгейде . Соңғы тәулікте індетпен тағы 3693 адам тіркелді.

Нұр-Сұлтан қаласында эпидахуал жақсарар емес. Бір күнде мыңға тарта адамның Ковид-19-ға тапсырған тесті оң болып  шыққан.

Қарағандыда 596, Алматыда 535 адамнан ауру анықталды. Қазір дерттің таралуы бойынша «қызыл» деңгейде осы үш өңірден бөлек, Шымкент қаласы, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары және тұтастай еліміздің батысы тұр.

«Сары» аймақта Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстары.

Індет жұқтыру қаупі төмен «жасыл» деңгейде Түркістан мен Шығыс Қазақстан облыстары ғана қалған.

Соңғы тәулікте коронавирустан 35 адам, пневмониядан 6 адам көз жұмды. Дәл қазір елімізде 44 мыңға тарта адам кеселден емделіп жатыр. 100-ден  астам науқас жасанды тыныстау аппаратына қосылған. Оның 15-і Қарағанды облысының тұрғыны.

Гамаль Тоқсамбаев, Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

Бүгінде Қарағанды облысының инфекциялық госпитальдарында 1983 адам емделуде. Олардың 99% вакцина алмағандар. Жансақтау бөлімінде 84 қарағандылық жатыр. 15 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Қазір «Дельта» үнді штамы клиникасын өзгертті. Онымен жастар мен балалар жиі ауыра бастады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде