Міндетті вакциналау мерзімі тағы ұзартылды
15-шілдеден кейін қызмет көрсету саласы өкілдерінің вакцина салдырғаны тексерілмейді. Үкіметтік комиссия алдында қабылдаған шешімінен бас тартып, міндетті вакциналаудың мерзімін тағы ұзартатын болды.
Автор: Ербол Тұрымбет
13.07.2021
Санитария-эпидемиология бақылау комитетінің мәлімдеуінше, қызмет көрсету саласының өкілдеріне жаңа алгоритм қалай болатыны шілденің 19-ынан кейін жарияланады. Әзірге мемлекеттік органдар мәселені қайта қарап, өз ұсынысын беріп жатыр.
Шілденің екісі күні бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулысы күшіне енген. Онда міндетті түрде екпе салдыртуы тиіс қызмет көрсету саласының тізімдері кіретін мекемелер тізімі көрсетілген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!