Ақсуда бір отбасын пышақтап өлтірген адам ұсталды
Павлодар облысында бейкүнә балаларды анасымен бірге пышақтап өлтірген күдікті ұсталды. Ақсу қаласында бір отбасын жайратып салған 36 жастағы азамат марқұм әйелдің танысы екен.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
13.07.2021
Қанды қылмысты ашуға арнайы құрылған жедел-тергеу тобы марқұмның көршілері мен таныс-туыстарынан тегіс жауап алған. Көп кешікпей 36 жастағы Ақсу қаласының тұрғыны ұсталды. Одан қылмыс жасалған пышақ пен басқа да айғақ заттар тәркіленген. Күдікті марқұм әйелдің жақын танысы екен. Осыдан бір күн бұрын ол түн ортасында жалғызбасты әйелдің үйіне келіп, екеуі қатты жанжалдасып қалған. Ұрыс-керістің соңы қайғылы аяқталды. Бірнеше рет пышақталған 36 жастағы әйел сол жерде көз жұмған. Қанішер айқай-шудан оянып кеткен 5 және 7 жастағы қыздарды да аямапты.
Жасқайрат Қайыров, Павлодар облысы ПД бастығының міндетін атқарушы:
- Жанжалға, айқай-шуға оянған балаларды да пышақтап кеткен. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Екі қылмыстық іс қозғалды. 99-баптың 2-ші және 3-ші бабы.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!