Елжан Біртановтың үйқамақ мерзімі тағы ұзартылды
Елжан Біртановтың үйқамақ мерзімі тағы ұзартылды. Денсаулық сақтау экс-министрінің іс материалдарымен танысуына екі ай уақыт керек болды. Елорданың мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының судьясы Алмат Бабатов үйқамақ мерзімін 14-қыркүйекке дейін созды.
Автор: Ербол Тұрымбет
14.07.2021
Бұрынғы министрге қатысты сотқа дейінгі тергеу ісі 7-шілдеде аяқталған. Ол шілденің 8-і күні жапа шеккен тарап ретінде денсаулық сақтау министрлігіне танысуға берілген. Одан кейін Біртановтың өзі мен адвокаттарына да тапсырылуы керек. Алайда экс-министр заттай дәлелдерін қоса алғанда, барлығы 133 томды құраған тергеу мәліметтерімен танысып шығуға тағы екі ай мерзім сұрады.
Елжан Біртанов денсаулық сақтау министрі болып тұрған кезде жарамсыз ақпараттандыру платформасын қабылдап қол қойды және лауазым өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікке ілінген. Тергеу мәліметінше, қазір ол платформа жұмыс істемейді. Соның салдарынан мемлекеттің 1 жарым миллиард теңгесі талан-таражға түскен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!