{metadescription}
Шаруалар: Маңғыстауға жеткізілетін жем-шөп бағасы тым қымбат
Шаруалар: Маңғыстауға жеткізілетін жем-шөп бағасы тым қымбат

Шаруалар: Маңғыстауға жеткізілетін жем-шөп бағасы тым қымбат

Жұт жайлаған Маңғыстау облысына жеткізілетін жем-шөп бағасы тым қымбат. Бүгін ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеевпен кездескен шаруалар осылай деп дабыл қақты.

Себебі: Ақтөбеден арзан бағаға сатып алынған бір мая шөп Маңғыстау ауылдарына жеткізілгенше, жол шығынымен екі-үш есеге көтеріледі екен. Бұл қарапайым халықтың қалтасын қағады. Сондықтан мемлекет тарапынан осыны реттеп, арнайы көмек берілмесе болмайды деп отыр шаруалар.

Жәнібек Қожық, Маңғыстау облысының тұрғыны:

- Жол шығынын көтеріп берсеңіздер. Ақтөбеден бір КамАЗ барып келуге 200-250 мың теңге солярка кетеді. Соны көтерсе, Ақтөбедегі бір мая шөп 10  мың теңге тұрады. Он мың теңге тұратын болса алған да, адам да риза. Маңғыстаудың халқы да риза. Онда халық қолындағы аз ғана малын істеп кетеді.

Қазір Маңғыстауда Ақтөбеден әкелінген шөп 17-18 мың теңгеге сатылуда. Одан қымбаттамаса, арзандайтын түрі жоқ дейді шаруалар. Сондықтан жем-шөпті тасымалдауға үкімет тарапынан көмек көрсетілсе дейді. Биыл мұнайлы аймақта жаңбыр жаумай, қуаңшылықтан мың жарым бас мал арам қатты. Осыны айтқан шаруалар министрден өңірде төтенше жағдай жариялауды сұрады. Ведомство басшысы төтенше жағдай жариялау үшін жергілікті әкімдік ұсыныс беру керек дейді. Ал әкімдіктегілер жердің ылғалдығы, ауаның құрғақтығы, жауын-шашын мөлшеріне қарағанда әзірге төтенше жағдай жариялауға ерте деп отыр. Десе де Ербол Қарашөкеев қуаңшылықтан зардап шеккен Маңғыстау өңіріне  бюджеттен арнайы қаржы бөлінгенін айтты. Ол жуырда жеке қожалықтар мен мал ұстайтын тұрғындарға теңдей үлестіріледі.

Ербол Қарашөкеев,ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы:

- Негізі 1,9 млрд теңге республикалық резервтен арнайы бөлінген. Жергілікті әкімшіліктерге қазір осы аптаның аяғында ма, ақша түседі деп ойлаймын. Өзінің процедурасы бар. Сол процедураға сәйкес жергілікті әкімшілік үлкен комиссия құрып, тізімдердің бәрін бекітіп, нақтылап, сол ақшаны әрбір үй шаруашылығы, жеке шаруа қожалықтарына таратады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде