Үкімет КВИ жұқтыру қаупін азайтуға арналған шешім шығарды
Бүгін Үкімет елде коронавирусты жұқтыру қаупін азайту үшін маңызды шешім шығарды. Нұр-Сұлтан мен Шымкентте енді карантин шектеулер күшейтіледі. Қарағанды мен Атырау облыстары да бұл тізімде бар. Төрт өңірде сырқаттану мен өлім-жітім көрсеткіші 55 пайыз.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
14.07.2021
Жағдайға алаңдаған министрлер кабинеті Ashyq-қа қатыспайтын қалааралық, облысішілік, туристік және микроавтобустардың жүруіне тыйым салды. Ал сенбі-жексенбіде қоғамдық көлік мүлдем тоқтатылады.
Ashyq бағдарламасы болса да, ойын-сауық сауда орталықтары мен базарлар, тамақтану орындары, спортпен шұғылданатын және көңіл көтеру орындары жабық болады. Фудкордтар, кафе, мейрамханалар тамақ тасу қызметімен айналыса алады.
Банк, халыққа қызмет көрсету орталықтары, Қазпошта бөлімшелері, діни ұйымдардың да жұмысы тоқтатылады.
Жұмыс күндері сауда үйлері, базарлар, ойын-сауық орындары сағат 17:00-ден кейін жабылса, Ashyq қатысушылары 20:00-ге дейін қызмет көрсете алады.
Вакцина алған және соңғы үш ай ішінде коронавирустан жазылып шыққан адамдарды қоспағанда, барлық ұйымдардың 80 пайыз қызметкерінің қашықтан жұмыс істеуге мүмкіндігі бар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!