{metadescription}
Халықаралық шаңғы трамплинін салған жұмысшылар тағы бас көтерді
Халықаралық шаңғы трамплинін салған жұмысшылар тағы бас көтерді

Халықаралық шаңғы трамплинін салған жұмысшылар тағы бас көтерді

Алматыда халықаралық шаңғы трамплинін салып жылдар бойы жалақысын ала алмай жүрген құрылысшылар тағы бас көтерді. Олар бұл жолы полиция департаменті ғимаратының алдына жиналды.  

Себебі: құрылысқа деп бөлінген қаражатты қалтаға басқандарға қатысты қозғалған қылмыстық істің тоқтатылуына наразы. Олар кінәліні тиісті жазаға тартқызып, маңдай тері ақымызды ақыры алсақ дейді.

Халықаралық шаңғы трамплинін салған құрылысшылар плакатын ұстап алғаш жиналып тұрған жоқ. Жалақысын даулап жүргеніне талай жылдың жүзі болған. Бұлар «Сұңқар» кешенін 2009 жылы сала бастапты. Ал 2014 жылы құрылысты аяқтаған. Айтуларынша, сол кезде нысан қалалық әкімдіктің қарамағына өтіп, айлық алу мұңға айналыпты. Шенеуніктер құрылыс компаниясына тиіс қаржыны бермей, мердігер жұмысшыларына жалақы төлей алмай қалған.

Әбдіразақ Байболатов, құрылысшы:

- 3 миллиард 620 миллион әкімдік, құрылыс басқармасы өз қолымен жазып берген қарыздары бар, біздің компанияға. Әр адамға 10 миллион, 12 миллион, тіпиті 500 мыңнан, 200 мыңнан басталады. Неге 10 миллион, 15 миллион, 20 миллион дейміз? Өйткені ол жерде бір ғана айдың ақшасы емес. 2013-2014 жылғы, жиналып қалған.

Жұмысшылардың полиция департаментінің алдына жиналуы тегін емес. Ерлан Сариев есімді азаматқа қатысты тергеудің  тоқтатылуына наразы. Айтуларынша, тергеуші қылмыс туралы дәлелдерді жасырып отыр.

Александр Веденко, құрылысшы:

- Ұжым уақытша директор ретінде Ерлан Сариевті таңдаған болатын. Ол әкімдіктен қаражат алып жұмысшылардың жалақысын төлеуі керек болды. Алайда өз атынан басқа компания ашып, құрылысшылардың ақшасын жеп отырған. Сондықтан оған қатысты тергеуді тоқтатпасын.

Бірақ полииция департаментіндегілер тергеудің жалғасып жатқанын жеткізді.

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ПД ресми өкілі:

- Аталмыш дерек Алматы қаласы полиция департаментінің тергеу басқармасымен ҚК-тің 190-бабының нормасымен, яғни алаяқтық дерегі бойынша тергелуде. Қазір қылмыстық іс жүргізу кодексімен көзделген барлық процессуал әрекеттер жүргізіліп жатын Іс әлі де өндірісте.

Әкімдіктегілер трамплин салған мердігердің алдында бір тиын қарызымыз жоқ дейді. Соған қарамастан жұмысшылардың жалақысын қайтаруына әрекет етіп жатыр екен.

Ұлан Оңалбаев, Алматы қаласы жайлы қалалық орта басқармасы басшысының орынбасары:

Қазір жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл жағдайда көмектесуге ниетті ұйым бар. Жұмысшыларға қарызды қайтару бойынша меморандум жасаймыз. Былтыр 20 құрылысшыға 18 миллион теңге төленді. Ал, қалған қарыз 22 миллионды құрайды. Бұл сома биыл толық қайтарылады.

Ал шыдамы шегіне жеткен жұмысшылар маңдай тері ақысын қолына алмайынша тынышталмайды. Кінәлілерді тиісті жазаға тартқызбай қоймаймыз деп тарқасты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.