{metadescription}
Жеті жасар Інжудің ата-анасы жұрттан жәрдем сұрауға мәжбүр
Жеті жасар Інжудің ата-анасы жұрттан жәрдем сұрауға мәжбүр

Жеті жасар Інжудің ата-анасы жұрттан жәрдем сұрауға мәжбүр

Павлодарлық жеті жасар қыздың еміне қаржылай көмек қажет. Десмоидты фиброматоз диагнозы қойылған Інжудің ата-анасы жұрттан жәрдем сұрауға мәжбүр. Кішкентайлары жүруден қалып, күн өткен сайын аяғындағы ісігі қайта өсе бастаған. Енді сәбиін Түркияға емдетуге әкеткен тұрмысы төмен отбасы шетелдік мамандар сұраған қаржыны таба алмай отыр. 

Жеті жастан енді асқан Інжуді анасы ай-күні жетіп босанған. Бірақ дүниеге келген соң сол аяғында қатерлі ісік анықталыпты. Бастапқыда отандық дәрігерлер екі жыл бойына нақты диагнозын таппай, ота жасалса сал болып қалу қаупі бар екенін айтқан. Ал күн өткен сайын Інжудің аяғындағы ісік үлкейіп, жүру қиынға соққан.  Ауруының дауасын елімізден таппаған Жангүл қызын былтыр ғана Түркияға емдетуге әкеткен. Стамбұлда ота жасалып, жарты келі ісікті алып тастаған. Алайда араға уақыт салып, қауіпті дерт қайта пайда болыпты. Енді оны толық жоюға бір жыл бойына химиятерапия алу керек. Құны 14 жарым мың доллар. Қазір қолында небәрі 4 мыңға жуық доллары ғана жиналған қарапайым отбасы қалған қаражатты табуға қауқарсыз. Сондықтан жомарт жандардан көмек сұрауда. Көмек қолын созам деушілер экранда көрсетілген телефон нөміріне хабарласуға болады. Әйтпесе бүлдіршін бір аяғынан айрылып, мүгедек боп қалуы ықтимал.

Жангүл Жұманова, Інжудің анасы:

- Біз туыстардың және халықтың жиналған қаржысының арқасында Түркияда ота жасатқанбыз. Мұндағы дәрігерлер қызымның аяғын сақтап қала алды. Алайда одан кейінгі қажетті ем-домын жалғастырмасақ, ісік қайта пайда боп, жағдайы ауырлауы мүмкін. Химиотерапияны бір жылға деп отыр. Ай сайын 1300 долллардан төлегенде 14 жарым мың доллар қажет. Баламның аяғын сақтап қалуыма көмектесулеріңізді сұраймын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.