{metadescription}
Аңғал батыр ауылындағы 447 миллиондық су құбыры – сапасыз
Аңғал батыр ауылындағы 447 миллиондық су құбыры – сапасыз

Аңғал батыр ауылындағы 447 миллиондық су құбыры – сапасыз

Ақмола облысындағы Аңғал батыр ауылының тұрғындары 447 миллион теңгеге тартылған су құбырына қосылуға қорқып отыр. Өйткені өткен жылы тапсырылған жаңа магистраль қыста қатып қалып, 40 отбасы әбден қиналыпты.

Мемлекет миллиондары жұмсалған жобаның пайдасын мектеп те, медицина пункті де көре алмай отыр. Ауыл жұрты су жаңа құбыр тұрып, сақылдаған сары аязда малын қар ерітіп суарған. Аңғал батыр ұрпақтарының жанайқайын тілшіміз тыңдап қайтты.   

Онсыз да ой шұқыры көп ауылда жүріп-тұру қиындаған. Тартылған құбыр үстін жапқан топырақ опырылып түсіп, терең шұңқырлар пайда болған. Абайламасаңыз,жазым болуыңыз да әбден мүмкін.

«Малым жанымның садағасы» дейтін ауылдағылар құбыр тартылғалы бірнеше малдың сол шұңқырға құлап арам қатқанын айтып отыр. Жер астында жатқан су жүйесі де жұрттың жүйкесін жұқартқан. Ауылдағы 120 түтіннің 40 шақтысы жанталасып жаңа құбырға қосылып алған. Алайда қыста қатып қалып, қар суын пайдаланыпты.

Руслан Бегалин, Аңғал батыр ауылының тұрғыны:

- Өзіміз астына түсіп, шаммен қыздырып қыздырып отырдық. Су болмаған күндер болды. Алдында скважина болған, оны алып тастап, ортақ құбырға  қосылғаннан бері су болмай қалады. Қыста су болмай қалғанда мал суара алмай, қар ерітетін де күндер болды.

Су құбырын «Көкшетаугидрогеология» компаниясы жүргізген. Олар небәрі жеті айда 447 миллион теңгеге 9 жарым шақырым құбыр, 900 метр желі, насос станциясын салған. Бір қызығы,  90-жылдары тұрғындары  көшіп кеткен бос көшелерге де құбыр тартып тастаған. Мұны көрген жұрт құрылыс кезінде айғай-шу да шығарыпты. Соған қарамастан жергілікті әкімдік сапасыз құрылысты қабылдап алған.

Бекжан Әбжатов, «Көкшетаугидрогеология»АҚ өкілі:

- Бізде жоба бар. Тұратын, тұрмайтын үй, біз оны білмейміз.Біз тапсырғаннан кейін оған жауап бермейміз. Құрылыс бөлімі тапсырыс берген. Соларға тапсырдық. Содан кейін біз келіп кетеміз.

Келіп-кетеміз деп, үш жыл кепілдік мерзімін айтып тұр. Бірақ алғашқы қыста құбыр қатқанда жұрт олардың ізін көрмепті. Ал нысанды қабылдап алған  Біржан сал ауданы әкімдігі таза ауыз суды суды мектеп пен медицина пунктіне  әлі күнге тартып бермеген. Қазір құрылыс бөліміндегілер қабылдауын қабылдап алып, енді құбырдың кем-кетігін түгендеп мердігерге хат жолдаумен жүр екен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде