Қазақстанның бұрынғы бас мүфтиі Әбсаттар қажы дүниеден озды
Қазақстанның бұрынғы бас мүфтиі Әбсаттар қажы Дербісәлі дүниеден озды. Осыдан екі күн бұрын Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы марқұмның ауыр халде жансақтау бөлімінде жатқанын жеткізген еді. Өкінішке қарай, дендеген дерттен, нақтырақ айтқанда пневмониямен жүрек ауруы асқынып қайтыс болды деді қажының өкілі.
Автор: Асқарбек Қазанғап
15.07.2021
Әбсаттар қажы Дербісәлі 1947 жылдың 15-қыркүйегінде Түркістан облысы Түлкібас ауданында өмірге келген. Шығыстанушы, дінтанушы, әдебиет зерттеушісі, жазушы, сыншы, филология ғылымдарының докторы. 2000-2013 жылдар аралығында Қазақстанның бас мүфтиі болды. Сонымен қатар Орта Азия мүфтилер кеңесінің төрағасы қызметін абыроймен атқарды. Халықтар достығы мен ынтымағы, діндераралық түсіністікті арттыруда игі істер атқарды. Марқұмның туған-туысына президент Қасым-Жомарт Тоқаев көңіл айтты.
Наурызбай қажы Тағанұлы, ҚМДБ төрағасы, бас мүфти:
- Бүгін таңертең ҚМДБ 10 жылдан артық басқарған дін қайраткері, академик, көрнекті ғалым Әбсаттар қажы Дербісәлінің қайтыс болғаны туралы хабар жетті. Осы сәтті пайдаланып марқұмның отбасына, туған-туыстарына, барша мұсылман қауымға тағы да көңіл айтамын. Алла алдынан жарылқасын! Иманы саламат болғай!
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!