Балалар КВИ-нан өзге инфекциялық ауруларға қарсы вакциналаудан шет қалған
Коронавирус кесірінен балаларды өзге инфекциялық ауруларға қарсы вакцинациялау ұмыт қалды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Біріккен ұлттар ұйымының мәліметінше, былтыр пандемия салдарынан әлем бойынша 23 миллион бала қызылша, көкжөтел, полиомелит сынды ауруларға қарсы жоспарлы екпені алмаған.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
15.07.2021
Сондықтан әлем мұндай жұқпалы аурулар эпидемиясы басталауының алдында тұр. Дәл қазіргі жағдайда қызылша, көкжөтел, полиомелит секілді вирустарды балалар жаппай жұқтыратын болса, оның арты қайғылы аяқталуы мүмкін дейді мамандар. Сондықтан коронавируспен күреске білек сыбана кіріскен мемлекеттердің бұл мәселеге назар аударып, балалардың екпе алуын қадағалағаны абзал. Кішкентайлардың негізгі екпені алмауы Пәкістанда қызылша жұқтырғандардың күрт көбеюіне алып келген. Бұл жағдайдан Үндістан, Индонезия, Мексика мен Мали де зардап шегіп отыр. Айта кетейік, қазір біздің елде де коронавируспен күрес басты назарда. Тіпті кеше Алматы қаласының әкімі Қазақстанда 12 жастан асқан балаларға Covid-19-ға қарсы екпенің жеңіл түрі салынуы мүмкін екенін мәлімдеген болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!