Қазақстан ресейлік Sputnik Light вакцинасын тіркеді
ҚР денсаулық сақтау министрлігі Sputnik Light ресейлік вакцинасын тіркеді. Коронавирусқа қарсы препарат – бір компоненттік. Ал тиімділігі иммундаудан кейінгі 28-ші күнде білінеді. Вакцина коронавирустан 79,4 пайызға қорғайды.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
15.07.2021
Препарат Ресейде сыналған. Бір-ақ рет екпе салдырған азаматтардан ғалымдар өзге вакциналардың екі компоненті беретін тиімділікті байқапты. Ресейдің Гамалея атындағы ғылыми-зерттеу орталығы әзірлеген екпе әзірге ешқандай кері әсерін көрсетпеген. «Спутник Лайттың» «Спутник V» вакцинасынан ең басты айырмашылығы: оның құрамы 26-шы типті аденовирус негізінде жасалғандығында. Қазақстан бүгінгі күні осымен бесінші вакцинаны тіркеп жатыр. Онымен қоса QazVac, «Спутник V», Hayat-Vax және СоronaVac екпелері қолжетімді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!