{metadescription}
Вакцина: Жаңа қаулының жай-жапсары
Вакцина: Жаңа қаулының жай-жапсары

Вакцина: Жаңа қаулының жай-жапсары

Міндетті вакциналаудың мерзімі өзгерді. Қызмет көрсету саласының қызметкерлері вакцинаның бірінші бөлігін 15-тамызға дейін емес, енді 10-тамызға дейін алып болуы керек. Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы бүгін күшіне енді.

Ал вакцинаның екінші бөлігін қыркүйектің біріне дейін салып үлгеруі тиіс. Вакцина алмағандары жұмысқа кіргізілмейді. Бірақ карантин салдарынан табысынан қағылған кәсіпкерлерге бұл өзгеріс жақпай тұр. Олар Ashyq жүйесіне кіретін нысандардың бәрінен шектеуді алып тастауды сұрайды.

Бас мемлекеттік санитар дәрігердің бұның алдындағы қаулысы бойынша шілденің 15-іне дейін вакцинаның бірінші бөлігін, ал тамыздың 15-іне дейін екінші бөлігін салдыруы тиіс болған. Оның үстіне үкіметтік комиссия жұқтыру мен өлім-жітім көрсеткіші қарқындап тұрған елорда мен Алматы қалаларында және Атырау мен Қарағанды облыстарында карантинді күшейткен еді.

Бірақ бұл өзгеріс кәсіпкерлердің дереу наразылығын тудырды. Табысымыздың 90 пайызынан қағылдық деген кәсіпкерлердің базынасынан соң, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы комиссияға ұсыныс беріп отыр. Олар Ashyq қосымшасын қолданса және қызметкерлерінің 50 пайызы вакцина алса, онда ол кәсіпкерге ешқандай шектеу қоймау керек дейді. Ал «қызыл» өңірдегілерге жеңілдік жасауды сұрайды. Өйткені Ashyq қосымшасын қазіргі өзінде 15 мыңнан астам кәсіпкер қолданып отырса, көп ұзамай олардың қатары 2-3 есе артуы мүмкін

Бауыржан Оразғалиев, «Атамекен» ҰКП өңірлік даму департаментінің директоры:

Егер де кәсіпкер Ashyq қосымшасын заңды түрде қолданса, толыққанды және қызметкерлер вакцинаны кесте бойынша алып жатса, онда бұл кәсіпкерлерге қатысты талаптарды әлсіздендіру, яғни, егер де бұл «қызыл» аймақ болса, бұл кәсіпкерге қатысты «сары» аймақтың талаптарын күшке енгізу.

Бас санитар қаулысындағы тағы бір өзгеріс: сырттан келетін азаматтарымызға қатысты. Қазақстан азаматтары және ел аумағында тұруға ықтиярхаты бар адамдардың анықтамасы және Қазақстанда вакцина алғаны туралы құжаты болуы керек. Шекарадан өтерде тек осы азаматтарға ғана жеңілдік қарастырылған. Ол болмаса, үш тәулікке дейін карантиндік стационарға оқшауланып, ПТР-тест жасалады. Егер ковид анықталса, инфекциялық стационарға емдеуге жатқызылады.

Ержан Байтана, ҚР ДСМ санитария-эпидемиология бақылау комитетінің ресми өкілі:

Мәселен, азаматтың қолында ПТР анықтамасы бар. Бірақ бір белгілі жағдайларға байланысты, мүмкін ПТР-тестінің уақыты өтіп кеткен 1-2 сағатқа уақыты 72 сағаттан. Не болмаса, шетелде ПТР тапсырып, ол уақтылы шықпаған жағдайда ол Қазақстанға келе береді. Біз ол азаматтарды шектете алмаймыз.

Міндетті вакциналауға жататын қызмет көрсету саласына халыққа қызмет көрсету орталықтары, қоғамдық тамақтану орындары, пошта бөлімшелері, банктер, шаштараз, спорт кешендері, моншалар және түрлі шеберханалар сынды нысандар кіреді.

Сонымен қатар базарлар мен сауда үйлері, әуежай, теміржол, автокөлік бекеттері, білім беру ұйымдары, санаторий өкілдері де екпе салуға міндеттелді. Бұл талап екпеге қарсы көрсеткіштері бар адамдарға және соңғы үш ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарға жүрмейді. Ал екпеге қарсы көрсеткіші бар деген анықтаманы аумақтық дәрігер немесе фельдшерден алуға болады. Ал екпе алуға жарамды азаматтар препараттың алғашқы компонентін тамыздың 10 -ына дейін салдыртып үлгеруі керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.