{metadescription}
КВИ: Өткен тәулікте 47 қайтыс болды, 919 науқастың жағдайы ауыр
КВИ: Өткен тәулікте 47 қайтыс болды, 919 науқастың жағдайы ауыр

КВИ: Өткен тәулікте 47 қайтыс болды, 919 науқастың жағдайы ауыр

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны жағынан антирекорд орнады. Өткен тәулікте сынама тапсырған 5 мың 314 адамнан қауіпті індет анықталған. Әсіресе Нұр-Сұлтан қаласында бір күнде мың жарым тұрғын вирус жұқтырыпты. Осылайша апта басынан бері елдегі эпидахуал күрделеніп келеді.

Соңғы екі-үш күнде науқас саны тәулігіне мың адамға дейін өсіп отыр. Мәселен, кеше ғана 4 мың 375 жерлесімізден қауіпті кесел табылған болатын. Бұдан өзге соңғы тәулікте 127 отандасымыз коронавирус пневмониясына шалдығыпты. Сырқаттар саны өскен сайын дерттен көз жұмғандар артқан.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен тәулікте Ковид-19-дан 47 науқас жан тапсырса, 10 адам қос өкпесі қабынып қаза тапқан. Қазір дәрігерлердің көмегіне жүгінген 48 мыңға жуық сырқат ем қабылдап жатыр. Ақ халаттылар 919 адамның жағдайы ауыр десе, 126 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Пандемия басталғалы елде коронавирус жұқтырғандар тізімі 472 мыңнан асып кетті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.