Атыраудағы халықаралық әуежай 30 теңге үшін опық жеді
Отыз теңге үшін опық жеді. Атыраудағы Хиуаз Доспанова атындағы халықаралық әуежайы болмашы тиын-тебен үшін төрт жарым миллион теңге айыппұл арқалады.
Автор: Тәуірбек Бозекенов
16.07.2021
Әуежайдың қырағы бухгалтерлері есеп-қисап кезінде 30 теңгені мақсатты жұмсап үлгермеген. Әуежай ғимаратында орналасқан кәсіпкерлік нысандар электр энегргиясына деп 6 млн 300 мың теңге төлеген. Алайда осы соманың отыз теңгесі мақсатты жұмсалмапты. Сондықтан Монополияға қарсы агенттік әуежай әкімшілігіне 4,5 миллион теңге айыппұл салған. Алайда 30 теңге үшін опық жеп қалғандар қыруар қаржыны төлеуден бас тартып, сотқа жүгінбекші.
Әлібек Төлеп, Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Атырау облысы департамент басшысы:
- Тарифтік сметаның шығыс бабының орындалмауы фактісі орын алған болатын. 30 теңге болмасын, АНПЗ компаниясы 53,7 млн негізсіз кіріс алып отыр. Қандай да сома болмасын, барлық компания заң алдында бірдей жауап беруі керек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!