Аптап ыстық қайта оралады
Аптап ыстық қайта оралады. Синоптиктердің болжауынша, бір аптаға созылған мамыражай күн райынан кейін көп өңірде ауа температурасы қайтадан 40 градусқа дейін көтеріледі.
Автор: Салтанат Шырынхан
16.07.2021
Батыс, Солтүстік, Орталық және Шығыс аймақтарда сынап бағаны күндіз 35-39 градусқа дейін жоғарыласа, түнде 17-25 градус аралығында болмақ. Ал оңтүстікте шілдеге лайық 40 градусқа дейін ыситыны ескертілді.
Кей аймақтарда жауын-шашынды ауа райы сақталады. Найзағай ойнап, жаңбыр жаууы ықтимал.
Солтүстікте екпінді жел соғып, тұман түсуі мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Кеше
Серіктестер жаңалықтары