{metadescription}
Соңғы 100 жылда болмаған жантүршігерлік апат
Соңғы 100 жылда болмаған жантүршігерлік апат

Соңғы 100 жылда болмаған жантүршігерлік апат

Батыс Еуропаны су басты. Толассыз жауған жауын алапат тасқынға ұласып, бірнеше мемлекет су астында қалды. Табиғаттың тосын мінезінен қаза тапқандар саны сәт сайын өсіп жатыр. Соңғы мәлімет бойынша Германияның өзінде 81 адам көз жұмды.

Тағы мың үш жүзден астам тұрғынның іс-түссіз жоғалып кеткені  хабарлануда.

Тасқын бірінші боп жайпаған Нидерландыдағы Лимбург қаласы. Небәрі жарты сағаттың ішінде бір жарым миллионнан астам адам үйін тастай қашып, көшеде қыбыр еткен жан қалмаған.

Германиядағы жағдай бұдан да жантүршігерлік. Онда 81 адам қаза тауып, мыңнан астам тұрғын іс-түссіз жоғалып кеткен. Қайтыс болғандардың барлығы Рейн жағасындағы Солтүстік Рейн-Вестфалия және Рейнланд-Пфальце деген екі аймақтан. Жоғалғандар Ар өзені Рейнге құятын жердегі Арвайлер ауданында тұрып жатқан дүйім ел. Тірі қалғандарды іздеп табуға құтқарушылар бар күшін салған. Алайда зор жылдамдықпен сарқыраған жаңбыр суы тонналаған техниканың өзін ағызып әкетуге бар.

Клаус Радермачер:

- Тасқын үйімізді қиратты. Жүк көлігім гаражда тұрған. Су оны да ағызып әкетті. Іздеп таппадым. Біржолата жоғалды. Жауын кеше сағат төрттен кейін басталған. Қасымызда пиццерия мен нан дүкені болған. Жарты сағат өтер-өтпес су екеуін де ағызып әкетті. Ешкім ешнәрсе істей алмай қалды. Тек қашып құтылды.

Мәлімет: 200 мың үйді су ағызып әкетті. Мамандар мұндай тасқын соңғы 100 жылда болмаған деп отыр. Ал жауын 15-нен 16-на қараған түні басталған. Содан бері әлі де дес берер емес. 

Германияның аудандары соғыс алаңына айналғандай. Арнасынан тасыған өзен зәулім сарайдай үйлердің астан-кестеңін шығарған. Еуропаның сапасы темірдей тас жолдарының өзі тас-талқан болды. Қазір мұнда төтенше жағдай жарияланған. Өйткені кейбір өңірлерде су деңгейі бір метрге дейін жеткен. Жақындарынан айырылып, етегі жасқа толған халқына Ангела Меркель Ақ үйдің төрінен тұрып көңіл айтты. АҚШ-та іс-сапармен жүрген Германия канцлері шығынның орнын өтеп беруге уәде етті. Есесіне, оның жоқтығын биліктегі бәсекелесі Армин Лаше пайдаланып қалғандай. Тасқынның астында қалған тұрғындардың қасынан табылған премьер-министр нақты қанша адамның қаза болғанын білмейтінін ашық мойындады.

Армин Лаше, Солтүстік Рейн-Вестфалия жерінің премьер-министрі:

- Қаза тапқандардың саны қанша екені әзірге белгісіз. Бірақ біз іздеу жұмыстарын тоқтатпаймыз.

Бельгияда алапат тасқын мұнда да өз билігін орнатқан. Үйлер мен өнеркәсіп орындарын қиратып, төңіректі түгел су басқан. Үйінен аттап басып шыға алмай, тасқынның тұтқынында қалған халық шатырға шығып бас сауғалаған. Әзірге бұл елде қаза тапқандар жайлы мәлімет жоқ. Дегенмен жергілікті басылымдар көптеген адамның іс-түссіз жоғалғандығы туралы жарыса жазып жатыр. Ал тасқынның күшті болғаны сонша, жол талғамайтын көліктердің өзін жапырақ құрлы көрмей, ағызып әкеткен. Қазір бұл елдерде теміржол мен кеме қатынасы тоқтап тұр. Өйткені топан су оларды да жайпап өткен. Мамандар табиғаттың тосын мінезін климаттың өзгеруімен байланыстырып отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде